БӨАжА жөніндегі слесарі

Филиал "Инженерно-технический центр" Мақат к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
43

Қаралған саны:
1693

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Бөлшектер мен тораптарды қиыстыра және жетілдіре отырып, күрделі электромагниттік, электродинамикалық, жылу өлшеу, оптикалық-механикалық, есептеу, автоматты, пиротехникалық және басқа да аспаптарды жөндеу, реттеу, сынау, юстирлеу, монтаждау және тапсыру. Релелік қорғаныс, электроавтоматика, телемеханика құрылғыларын күйін келтіру және баптау.  Жөнделетін аспаптардың ақауларын анықтау және оларды жою. Бөлшектерді 7-10 квалитет бойынша слесарлық өңдеу және тісті және құртты ілгектерді құрастыру. Күрделі қосылу сұлбаларын құрастыру және монтаждау. Құрылғыларды тексеру және сынау кезінде абсолютті және салыстырмалы қатені есептеу. Ақаулы тізімдемелерді жасау және аспаптар мен автоматтарға паспорттар мен аттестаттарды толтыру. 

Талаптар:

  • Білімі: жоғары немесе орта кәсіби білім  "Технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері", "БӨАжА және автоматика" мамандықтары бойынша;                                        
  •  Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша еңбек өтілі 1 жылдан кем емес. 

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру