Электрбайланыс Инженері

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
909

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) қызметтер сапасының төмендеуі немесе Клиенттерді техникалық қолдаудың бірінші желіжол орталығынан қайта адрестелген КЖҚ қызметтерінің қолжетімсіздігі мәселесімен қатысты хабарласқан абоненттердің өтінімдерін қабылдау және тіркеу; 2) абоненттерге КЖҚ арқылы ұсынылатын қызметтерге қатысты телефон бойынша анықтамалық сипаттағы өтінішті міндетті түрде тіркеп консультативтік кеңес беру; 3) абоненттік желіні тестілеу, өлшеу құралдарын алғашқы диагностикадан өткізу, тиісті өтінішті міндетті түрде тіркей отырып IP TV, ID-NET, SIP-телефония қызметтерін тестілеу; 4) құрылғының нөмірі бойынша КЖҚ (DSLAM, МАҚ, ETTH) жабдығының клиенттік порты жөніндегі деректерді тазалау; 5) абоненттерге қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету; 6) қажет болған жағдайда жаңа технологияны игеруге, еңбектің озық әдістері мен әдістерін енгізуге қатысу; 7) ADSL, GPON жабдықтарының жұмысын тексеру және тестілеу үшін, сол сияқты жаңа технология бойынша білімін жетілдіру үшін интернетті пайдалану; 8) on-line режимінде кеңжолақты қатынау қызметін тұтынушыларға техникалық қолдауды қамтамасыз ету; 9) абоненттерден қоңырау санын көбейтіп және қоңырау кезегін қалыптастыра отырып, қоңырау нөмірін 165 теруші нөміріне (тікелей, КТҚБЖО-дан бағыттаусыз) кіріс қоңырауларына қызмет көрсету (жұмыс уақыты) , (қосымша енгізілді, № 1 түзету); 10) абоненттермен ЦЖУ мамандарының келуін келісу

Талаптар:

  • КТҚЕЖО ЖСБ электрбайланыс инженерінің жоғары/ЖОО кейінгі техникалық білімі және жұмыс өтіліне талап қойылмастан немесе орта білімі/арнайы техникалық білімінен кейінгі мамандығы (біліктілігі) бойынша кәсіби білімі мен телекоммуникация саласында кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілі және филиалдың пайдалану бөлімшелерінде тәжірибесі болуы тиіс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр