Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы (аутстаффинг) (негізгі қызметкер бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңге)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
77

Қаралған саны:
1655

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары гуманитарлық / техникалық / экономикалық / заңгерлік;
  • Лауазымның тиісті бейіні/ экономика/ қаржы/ МВА/ басқа бойынша магистр дәрежесі болуы (абзал).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында кемінде 4 жыл.

Ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түріндегі жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

2 жылдан кем емес.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В-1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.):

  • Қазақ тілін меңгеру деңгейі В1 (ауызша және жазбаша Қазақ тілі);
  • Intermediate (ағылшын).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексі; «Іс жүргізу және мұрағат дело. Терминдер мен анықтамалар» ҚРСТ 1037-2001; «ҚБП» белгісі бар таратылуы шектелген құжаттармен жұмыс істеуге қатысты нормативтік актілер, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында іс жүргізу жөніндегі регламент, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мөрлерді, мөртабандарды және мөрлейтін құрылғыларды есепке алу, пайдалану, сақтау және жою бойынша жұмыс нұсқаулығы, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білімі.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Заманауи технологияларды, есептеу техникасын, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу; іс қағаздарын жүргізу; құжаттарды жазудың іскерлік стилін білу; командада жұмыс істей білу; ауызша және жазбаша коммуникация, әдістемелік және басқа да құжаттармен жұмыс істей білу; құжаттауды ұйымдастыру және архив ісін жүргізе білу.

Осы лауазымның функционалдық міндеттері:

  • ҚМГ-ге пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол келіп түскен хат-хабарларды қабылдауды, бастапқы өңдеуді және сканерлеуді жүзеге асырады, келіп түскен құжаттардың түпнұсқаларының дерекқорын жүргізеді; сенімхат бойынша ҚМГ Басқарма төрағасына жолданған сәлемдемелерді, бандерольдерді және тапсырыстық хаттарды алуды жүзеге асырады; белгіленген тәртіппен құжаттардың тұтастығының бұзылуын, толық болмауын, бүлінуін, сәйкессіздігін анықтау актілерін жасайды және қол қояды, конверттегі нөмірлердің салынған құжаттардың нөмірлеріне және өзге де сәйкессіздіктерге; ҚМГ-ге қате келіп түскен хат-хабарларды қайтаруды немесе мекенжай бойынша жіберуді қамтамасыз етеді;
  • ҚМГ корпоративтік электрондық адресіне келіп түсетін хат-хабарлардың мониторингін, хаттар мен құжаттарды алдын ала тексеруді жүзеге асырады, қажет болған жағдайда жетіспейтін ақпаратты сұратады, тіркелетін құжаттарды тіркеу үшін ЭҚЖ-ға жібереді және тіркелмейтін құжаттарды тиісті басшыларға немесе орындаушыларға жібереді;
  • Құжаттардың тіркелмейтін түпнұсқаларын немесе көшірмелерін, «жеке қолына» деген жазуы бар конверттерді, электрондық ақпарат тасығыштарды және басқа да материалдарды ҚМГ басшы қызметкерлеріне, іс жүргізушілерге, қабылдау бөлмелерінің хатшы-референттеріне немесе тиісті тұлғаларға беруді жүзеге асырады, әрбір басшы қызметкер мен құрылымдық бөлімше бойынша құжаттарды беру тізілімдерін жүргізеді;
  • Істер номенклатурасына сәйкес кіріс құжаттардың түпнұсқасынан істерді қалыптастырады, оларды жылдың соңында белгіленген тәртіппен ресімдейді және архивке сақтауға береді; ҚМГ қызметкерлерінің сұрау салуы бойынша ағымдағы жылы келіп түскен кіріс құжаттардың және/немесе оларға қосымшалардың түпнұсқаларын белгіленген тәртіппен беруді жүзеге асырады;
  • Өз құзыреті аясында ҚМГ қызметкерлеріне, сондай-ақ пошта байланысы ұйымдарының немесе бөгде ұйымдардың өкілдеріне, жеке тұлғаларға ҚМГ хат-хабарларын қабылдау немесе жіберу мәселелері бойынша консультация беруді жүзеге асырады;
  • ҚМГ компаниялар тобында іс жүргізу жөніндегі регламентте көзделген Басқарма іс жүргізушісінің функцияларын орындайды;
  • Өз құзыреті аясында құжаттамамен және құжаттаманы басқарумен байланысты процестерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; Басқарма бастығының, бас маманның өзге де тапсырмаларын орындайды; «Samruk Business Academy» ЖМ-мен еңбек қатынастары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

Қажетті қабілеттер

  • сбор, систематизация и анализ информации;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр