Өңірлік даму департаментінің Топ жетекшісі - Бас менеджері

Акционерлік қоғамы "Samruk- Kazyna Construction" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
58

Қаралған саны:
1329

   Конкурс туралы
Білім профилі:
  • Жоғары кәсіби  техникалық, экономикалық, математикалық білімі;
Жұмыс тәжірибесі:
  • Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша жұмыс өтілі (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) 7 (жеті) жылдан кем емес, оның ішінде басқарушылық лауазымда немесе «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.  

Білімі мен дағдылары:

  • Жобалық, сметалық, өзге де техникалық құжаттамамен жұмыс істей білу;
  • Графикалық редакторлармен, мамандандырылған компьютерлік бағдарламалармен және жабдықтармен жұмыс істей білу;
  • Өндірістік процестердің кезеңдерін болжай білу;
  • Жобаларды іске асыру шеңберінде бекітілген ұйымдардың жұмысын ұйымдастыра білу;
  • Атқарылған жұмыстың қорытындылары бойынша есептілік жасай білу;
  • Берілген өкілеттіктер шеңберінде қолданыстағы нормативтер мен өзге де заңнамалық актілерді қолдану бойынша дағдылар.
Сапа, құзыреттілік:
  • Жауапкершілік;
  • Атқарушылық қабілеті;
  • Тәртіптілік;
  • Тайм-менеджмент.
Негізгі функционалдық міндеттері:
  • Жобаға бекітілген қызметкерлердің ақпаратты дайындау және есептерді қалыптастыру бойынша жұмысын ұйымдастыру және бақылау;
  • Жобаға барлық қатысушылардың келісілген мерзімде өзекті ақпаратты беруін қамтамасыз ету;
  • Жобаларды іске асыру мерзімдерінің сақталуын бақылау;
  • Жобаларға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын орнату;
  • Жоспарлау, орындау және жабу сияқты жобаларды орындаудың барлық кезеңдерінде жұмыс топтарын құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • Жобаға бекітілген қызметкерлердің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету және жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
  • Жобалау департаментінен оларды одан әрі құрылыс учаскелеріне беру үшін алынған жобалау құжаттамасының кіріс бақылауын ұйымдастыру;
  • Жобалар жетекшелерінің (кураторлар) өз функционалдық (лауазымдық) міндеттерін орындауын бақылауды және жедел басшылықты жүзеге асырады;
  • Жоба бойынша жұмыстардың орындалуына дербес жауапкершілік;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кестелерін, нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын бақылау;
  • Жұмыстардың орындалуы туралы есептілікті дайындау мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстарының жиынтық ведомосін, жинақтау ведомосін келісу;
  • Құрылыс объектісі бойынша атқарушылық құжаттаманың болуын бақылау және ресімдеуді тексеру;
  • Құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдердің өзгерістерін қарауға және келісуге, материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды ауыстыру жөніндегі мәселелерді жедел шешуге қатысу;
  • Құрылыс объектілерін қабылдау және оларды пайдалануға беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік органдардың актілері мен Департаменттің қызметіне қатысты өзге де құжаттардың нормалары мен талаптарын сақтау;
  • Департамент құзыреті шегінде қызмет мәселелері бойынша Департаменттің және/немесе Қоғамның қызметін регламенттейтін нормативтік, құқықтық, әдістемелік және анықтамалық материалдарды жетілдіру және/немесе әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін Қоғам қызметі туралы Департаменттің құзыреті шегінде ақпарат дайындау және есептерді қалыптастыру;
  • Департаменттің құзыреті шеңберінде белгіленген мерзімде кіріс хат-хабарына жауаптар дайындау;
  • Кәсіби және іскерлік біліктілігін ұдайы арттыру;
  • Департаменттің қойылған мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға, Жалғыз акционердің нормативтік актілеріне және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.