АТБ КРЖ жүйесін басқару бөлімінің бастығы

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
53

Қаралған саны:
2595

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • мүмкіндігінше әлемдік озық тәжірибелер мен халықаралық стандарттарды қолдана отырып, Қашағандағы мұнай операцияларына қолдау көрсету үшін қысқа және ұзақ мерзімді АТ/АБ КРЖ стратегиясын айқындау;
  • қатал бизнес талаптарын жинау, шешімнің дайындалуын үйлестіру, жүйенің пайдаланушы талаптарына сәйкестігін тексеру және шешімнің өндірістік операциялар ортасына енгізілуін басқару арқылы әр түрлі бизнес процестерге қолдау көрсету; • қолданбалардың жаңа нұсқалары және бизнес функцияларына қолдау көрсету үшін жаңа қолданбалар бойынша нарықтық зерттеулер жасау; шешімдердің қолданылу және басқарылу мүмкіндіктерін бағалау; • бизнес процестермен және талаптармен сәйкестендірілген таңдау процесіне негізгі байланысушы тұлғаларды қатыстыру;
  • • бизнес талаптарын жинау және біріктіру жұмыстарын басқару; осы талаптарды түсіндіру және оларды бизнес процестерге қолдау көрсетуге және жақсартуға арналған КРЖ шешімдеріне енгізу;
  • • талаптарды қолданыстағы қолданбаларға енгізу немесе жабдықтаушылармен әрекеттесу арқылы ең тиімді шешімді таңдау немесе АТ/АБ стратегиясы мен бюджетіне сәйкес АТ/АБ бөлімі қолдау көрсете алатын және басқара алатын жаңа шешімдер бойынша ұйым қызметіне қолдау көрсету;
  • • Компаниядағы бұрыннан бар және жаңа КРЖ қолданбалары лицензияларының тиісті түрде басқарылуын қамтамасыз ету;
  • • қызметтерді жетілдіру мақсатында бизнес талаптар мен болашақтағы қажеттіліктерді ескере отырып, КРЖ қызметтерін дамыту және/немесе сәйкестендіру;
  • • бизнес қажеттіліктерінің қанағаттандырылу деңгейін арттыру үшін қолданбалар қызметін жақсарту жоспарын дайындау, қолдану және басқару;
  • • бюджет және мерзім шектеулерін ескере отырып, АТ/АБ стратегиясы мен тұжырымы аясында, АТ/АБ бөлімінің жобаны басқару процесі мен әдістемесін ұстанып, қолданыстағы қызметтерге талдау жасау және жаңа қызметтерді қабылдау арқылы КРЖ шешімдерін қолдану;
  • • белсенді түрде өзгерістер енгізу арқылы КРЖ жүйесінің қолжетімділігі мен тұтастығын қамтамасыз ету;
  • • жүйенің тұтастығы, қолжетімділігі және қауіпсіздігі үшін қатаң бақылау процесін қолдану;
  • • АТ/АБ процестері мен бизнес процестерінің екеуінде де қолданбалар мен деректерге қолданылатын барлық белгіленген және мақұлданған АТ/АБ бақылау элементтерінің іске асырылуын қамтамасыз ету және жауапты тұлға ретінде жүйелі нәтижелер мен аудит қорытындыларын растау;
  • • бизнестің сәйкестендірлу және қанағаттандырылу деңгейін арттыру үшін АТ/АБ КРЖ жүйелеріне қолдау көрсету және техникалық күтім жасау процестеріне жаңартулар мен өзгертулер енгізілуіне белсенді түрде атсалысу; 

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

• лауазым иесінің ақпараттық / телекоммуникациялық технологиялар немесе компьютерлік ғылым немесе қаржы саласында бакалавр дәрежесі;

• лауазым иесінің жалпы АТ/АБ немесе ұқсас салада кемінде 8-10 жыл, соның ішінде КРЖ саласында кемінде 5-7 жыл және күрделі орталарда жетекші лауазымдарда 3-4 жыл істеген жұмыс тәжірибесі болуы тиіс;


КРЖ (Кәсіпорын ресурстарын жоспарлау) жүйелерінің тұтастығын, қауіпсіздігін және үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ете отырып, олардың дұрыс жұмыс істеуін, оларға тиімді техникалық күтім көрсетілуін, жаңартылып тұруын, қолдау көрсетілуін, енгізілуін және одан әрі дамытылуын қадағалау.

Қажетті қабілеттер

  • * Финансово-экономический анализ и моделирование на уровне отрасли, предприятия и экономики в целом
  • - регламентация бизнес-процессов
  • - навыки руководящей и организаторской работы
  • Администрирование информационных систем
  • *стрессоустойчивость

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)