Мұнай және газ өндіру департаментінің жобалық және корпоративтік сүйемелдеу басқармасы бизнес-талдау жобалары секторының жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
36

Қаралған саны:
743

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары экономикалық білім.

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Қаржы/экономикалық талдау және қаржы-экономикалық модельдерді әзірлеу саласында – кемінде 2 жыл.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңдар; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Трансферттік баға белгілеу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» заңдар;
  • Инвестициялық және жобалық талдау саласындағы нормаларды білу;
  • Операциялық өндіруші активтердің қаржы шаруашылық қызметіне мониторинг және талдау жүргізу саласындағы білім;
  • ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Мемлекеттік тілді және мүмкіндігінше ағылшын тілін білуі (жазбаша және ауызша);;
  •  Қаржы-экономикалық модельдерді әзірлеу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;
  • Қаржы-экономикалық модельдермен жұмыс;
  • Келіссөздер, ресми және іскерлік қарым-қатынас жүргізу;
  • Офистік компьютерлік бағдарламаларды, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану;
  • Ауызша және жазбаша коммуникация;
  • Операциялық өндіруші активтер қызметінің мәселелері бойынша сараптамалық қорытындылар дайындау;
  • Деректер мен қаржы-экономикалық модельдерді талдау.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • ЕҰ мен БК стратегияларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, ЕҰ мен БК қаржылық модельдерін дайындауды жүзеге асырады (оның ішінде активтерді дамыту стратегияларын ескере отырып), бизнес-жоспардың жаңартылған өлшемдері мен фактісін ескере отырып, модельдер өлшемдеріне өзекті сипат беруді жүргізеді;
  • Жобаларға/бастамаларға/бизнес-кейстерге техникалық-экономикалық бағалау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады, басшылық пен комитеттер үшін қорытындылар мен ұсынымдар дайындайды, жобалардың/бастамалардың/бизнес-кейстердің тізілімін жүргізеді, оларды іске асыруға қатысады және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
  • ЕҰ мен БК-нің өзекті мәселелерін қарау үшін активтерді басқару жөніндегі жұмыс топтарына, комитеттер мүшелерінің және ЕҰ мен БК/ДК мүшелерінің және ҚМГ басшылығының талап етуі бойынша қатысады, топтардың жұмысын ұйымдастырады;
  • ЕҰ мен БК орналасқан өңірлерді дамытудың кешенді жоспарларын қарауды ұйымдастырады, ҚМГ-нің ұстанымын жергілікті атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік басқару органдарымен келісу бойынша жұмыс жүргізеді;
  • ЕҰ мен БК жетекшілік ететін жыл сайынғы өндірістік бағдарламалар мен бюджеттердің / Бизнес-жоспарлардың (оның ішінде түзетулердің) ұсынылған жобаларын қарайды, талдайды және негізгі қаржы-экономикалық және өндірістік көрсеткіштерді жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
  • ЕҰ мен БК корпоративтік және функционалдық ҚНК, сондай-ақ департамент директорының ҚНК қарау және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастырады; тұрақты негізде ҚНК орындалуына мониторинг жүргізеді;
  • Қордың, сырт ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, ЕҰ мен БК-нің ҚМГ және ЕҰ/БК қызметіне елеулі әсер ететін негізгі мәселелер бойынша өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;
  • ЕҰ мен БК қаржы-шаруашылық қызметі бойынша ҚМГ кеңестері үшін презентацияның біріздендірілген форматын, ЕҰ мен БК техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің форматын (тизерлерді) және басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа да презентацияларды дайындауды жүзеге асырады; ұсыныстар әзірлеу үшін презентацияға талдау жүргізеді;
  • ҚМГ-нің бейінді және инвестициялық комитеттерінің қарауына ЕҰ мен БК инвестициялық материалдарының дайындалуын бақылайды, жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
  • Ескі және рентабельділігі төмен кен орындарын ынталандыру, ЕҰ мен БК-нің бейінді емес активтерін шығару мәселелері бойынша жұмысты, сондай-ақ басшылықтың тапсырмасы бойынша басқа да мәселелерді ұйымдастырады;
  • Қаржы-экономикалық модельдерді әзірлейді. Сондай-ақ ұсынылған қаржы-экономикалық модельдерді қарайды және талдайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр