Маркетинг және өткізу департаменті мұнай маркетингі басқармасының мұнайды экспортқа қамтамасыз ету секторының жеткші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
63

Қаралған саны:
1046

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары экономикалық/техникалық/заң білімі, тиісті лауазым бейіні/ менеджмент/экономика/қаржы/МВА/ басқасы бойынша магистр дәрежесінің болуы (болғаны жөн).

Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі:

  • Кем дегенде 4 жыл (мұнай және мұнай өнімдері маркетингі кәсіби дағдыларының болуы).

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша  жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары;
  • Қаржылық талдауды, инвестициялық талдауды, маркетингтік талдауды білу;
  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін білу;
  • Қаржы-экономикалық модельдерді құру негіздері (жоба модельдерінің негізгі нысандарын құру);
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Өрт, ақпараттық және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулықты қорғаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, орнықты дамудың, ақпараттық қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі саласында;
  • Мемлекеттік тілді білген жөн (жазбаша және ауызша), шет (ағылшын) тілін білу.

Міндеттерді орындау үшін керек дағдылар:

  • Дербес компьютердегі жұмыстар: Word, Excel, MS Project, Lotus, MS Access, PowerPoint және т. б.;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүргізуді жүйелеу, есепке алу дағдылары;
  • Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;
  • Тиімді презентация дағдылары;
  • Келіссөздер жүргізу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары;
  • Кәуекелдерді талдау және бағалау, SWOT-талдау, мұнай нарығын талдау және бағалау дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

  • ҚМГ шарттарын жасасу қағидаларына, корпоративтік рәсімдерге сәйкес Кәсіпкерлер палатасымен, сектор-3 шарттарын, кедендік ресімдеу үшін ілеспе қызметтерді жасасады, ресімдейді;
  • Экспортқа мұнай жеткізу бойынша декларацияларды ашу үшін құжаттар пакетін қалыптастырады, экспорттық кедендік баж және кедендік алымдар бойынша төлемдер сомасын есептейді, төлемге қызметтік жазбаларды ресімдейді;
  • Тауардың шығу тегі сертификаттарын алу үшін мұнайды сатудың алдын ала айлық бағасының негіздемесін жүргізеді, орындалған жұмыстардың актілерін ресімдейді, төлемге қызметтік жазбаларды жібереді;
  • Уақытша және толық декларацияларды ресімдеу кезінде Астана, Ақтөбе және Атырау облыстарының кеден органдарымен жұмыс жүргізеді;
  • Нақты жеткізілімдер бойынша толық декларацияларды жабу үшін есептеуді жүзеге асырады, Асекуда электронды жүйеде көрсетеді, ЕТҰ мен көлік компанияларына беру үшін пакет қалыптастырады, баж және кедендік алымдарды төлеу бойынша теңгерімді жүргізеді;
  • Уақытша және толық декларациялар, көрсетілген қызметтер бойынша деректерді САП есепке алу жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді;
  • ЕТҰ қызметіне жетекшілік етеді: жедел қызметті бақылауды және мониторингті жүзеге асырады; қызметтің өндірістік көрсеткіштерін талдауды жүзеге асырады; бизнес-жоспарлар мен инвестициялық жобалардың орындалуына мониторингті әзірлейді, келіседі, жүзеге асырады;
  • ЕТҰ жетекшілік ететін басқару органдарында ҚМГ мүдделерін білдіреді: корпоративтік мәселелер бойынша позициялар әзірлейді, ЕТҰ жекешелендіру жоспарының орындалуын және орындалуын мониторинг жүргізу бойынша бақылауды жүзеге асырады; үкіметаралық тапсырмаларды орындайды, жаңа жобаларды дамыту, маркетинг және өткізу жөніндегі блоктың құзыреті шеңберінде жаңа жобаларды дамыту, халықаралық ынтымақтастық туралы ұсыныстарды қарау бойынша жұмыстар жүргізеді;
  • ҚМГ ішкі реттеуші процестерін орындайды: ҚМГ даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының және ҚМГ тәуелсіз аудиторларының ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау, мониторингілеу; "Маркетинг және өткізу" бағыты бойынша өндірістік функцияларды трансформациялау жобаларын іске асыруға қатысады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр