Сатып алу және жабдықтау департаментінің ЕТҰ сатып алуын бақылау, әдістеме және жергілікті қамту басқармасының жетекші маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
67

Қаралған саны:
1241

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары техникалық/экономикалық/заңгерлік;
  • Тиісті лауазым бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/МВА/т. б. бойынша магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше).

Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі:

Жергілікті қамтуды дамыту саласында кемінде 4 жыл.

ҚМГ компаниялар тобында/мұнайгаз саласындағы жұмыс тәжірибесі:

  • Кемінде 2 жыл.

Қосымша талаптар:

  • Тілдерді білу (қазақ, ағылшын).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі ұйымдардың сатып алуларын жүзеге асыру тәртібі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу қағидалары және «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу саласындағы басқа да нормативтік құжаттары.
  • «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 47-VII Заңы
  • Сатып алу және жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі әдістемелік, нормативтік және басқа да басшылық материалдар (ҚР Үкіметі бекіткен «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесі»);
  • Экономика және қаржы саласында;
  • Еңбекті ұйымдастыру және басқару саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Мемлекеттік тілді білу (ауызша және жазбаша);
  • Ақпараттық жүйелерді басқару саласында;
  • Интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін, тұрақты дамуды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есепке алуды және құжаттама жүргізуді жүйелеу дағдылары;
  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
  • Мұнай-газ жабдығының жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру бойынша отандық тауар өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • ЕТҰ тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді сатып алуында, офтейк-шарттар жасасуында, ұзақ мерзімді шарттарда, отандық тауар өндірушілерден «қарапайым заттар экономикасы» тауарларын сатып алуда жергілікті қамту мониторингін жүзеге асырады, қажет болған жағдайда түзету іс-қимылдарын қабылдай отырып, басшылық үшін талдамалық анықтамалар дайындайды;
  • Импортты алмастыру және жергілікті қамту бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Орталық жобалау кеңсесінің тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады, өнім берушілердің сұранысы мен Қордың және «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС тапсырмалары бойынша тауарларға қажеттіліктерді және оларға техникалық ерекшеліктерді ұсынады;
  • Сатып алу қызметі және жергілікті қамту бөлігінде ҚМГ КО және ЕТҰ бойынша корпоративтік және функционалдық ҚНК әзірлеуді және келісуді қамтамасыз етеді;
  • Өз құзыреті мен өкілеттігі шегінде басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын орындайды, «Самұрық-Қазына» АҚ, мемлекеттік органдардың, ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің сұратулары бойынша жауаптар дайындайды және ақпарат ұсынады.
  • ЕТҰ-мен бірлесіп жаңа өндірістер бойынша отандық өндірушілердің өтінімдерін қарайды, ЕҚК-ға қорытындылар қалыптастырады және ұсынады;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жергілікті жобалау кеңсесінің импортты алмастыру және жергілікті қамту бойынша отырыстарын өткізуді ұйымдастырады, тиісті материалдар дайындайды;
  • ҚМГ жергілікті жобалау кеңсесінің импортты алмастыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуына мониторинг пен талдауды жүзеге асырады, тапсырмалар орындалмаған кезде қайталама сұрау салады;
  • Жергілікті қамту, импортты алмастыру мәселелері бойынша еншілес ұйымдардың жауаптарын жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
  • ҚМГ ЕТҰ-ның жергілікті қамту бойынша есептілігі жөніндегі «Электрондық сатып алу жүйесі» ақпараттық жүйесінде жұмысты жүзеге асырады;
  • ҚМГ сатып алу бойынша электрондық порталын әзірлеуді жүзеге асырады;
  • Өз құзыреті мен өкілеттігі шегінде басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын орындайды, «Самұрық-Қазына» АҚ, мемлекеттік органдардың, ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің сұратулары бойынша жауаптар дайындайды және ақпарат ұсынады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр