Инженер, Геофизика қызметі

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
1038

   Конкурс туралы

 

Талаптар

Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары

Талап етілетін біліктілік

Білімі (жоғары, мамандығы /біліктілігі)

Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану/геология және барлау/бұрғылау/жобалау саласындағы жоғары техникалық білім

Кәсіби саладағы жұмыс өтілі

Талап етілмейді, мамандығы бойынша мұнай-газ саласында тәжірибеден өткен жөн

Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі

Құпталады

Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі

Талап етілмейді

Мамандануына байланысты лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Сейсмикалық барлау негіздерін түсіну;
  • Сейсмикалық деректерді өңдеу және құрылымдық түсіндіру процесін түсіну;
  • Қазақстанның мұнай-газ бассейндерінің геологиялық-геофизикалық зерделенуі және құрылымы;
  • Жалпы геология, мұнай геологиясы, геофизика, петрофизика, седиментология, геотектоника және геохимия білімі;
  • Қазақ және/немесе орыс тілін, ағылшын тілін білу (мүмкіндігінше);

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар::

·         Сейсмикалық мәліметтерді жүктеу және талдау, ұңғымаларды байлау, атрибуттарды талдау дағдылары;

·         Орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша техникалық презентацияларды дайындау дағдылары;

·         Геофизикалық және геологиялық-кәсіпшілік деректерді жүйелеу дағдысы;

·         Мамандандырылған салалық бағдарламалық өнімдерде жұмыс істеу дағдылары:

-сейсмикалық деректерді құрылымдық және динамикалық түсіндіру бойынша (Petrel, Hampson-Russell);

·         Презентациялар, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;

·         Топта жұмыс істеу дағдылары;

·         Стратегиялық, аналитикалық және жүйелі ойлау дағдылары және өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу; ерекше және күрделі жағдайларда шешім қабылдау;

·         Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;

·         Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;

·         Microsoft office, Outlook және т. б. бағдарламалық өнімдеріндегі дағдылар.

Осы лауазымның функционалдық міндеттері:

·         Сейсмикалық мәліметтерді жүктеу және олардың сапасын талдау бойынша жұмыстарды орындау;

·         Тау жыныстарының серпімділік қасиеттерін талдау;

·         Ұңғымаларды сейсмикаға сейсмостратиграфиялық байлауды орындау;

·         Сейсмикалық мәліметтерді кондициялау бойынша жұмыстарды орындау;

·         Сейсмикалық мәліметтерді динамикалық талдау;

·         Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;

·         Нормативтік талаптарды сақтау және құжаттаманы сапалы ресімдеу, оны келісудің белгіленген тәртібін сақтау, серіктестіктің ғылыми-техникалық кеңесінің қарауына материалдар дайындау

·         Мұнай-газ кен орындарын іздеу және жете барлау саласындағы проблемаларды шешу және әдістерді жетілдіру жөніндегі ғылыми-техникалық конференцияларға қатысу;

·         Өзінің кәсіби деңгейін, жеке біліктілігін арттыру және ғылымның, техниканың және технологияның жаңа жетістіктерін бақылау бойынша тұрақты жұмыс істеу;

·         Департамент туралы Ережеге сәйкес департаментке жүктелген міндеттерді іске асыруды және функцияларды орындауды қамтамасыз ету;

·         Департаменттің жұмыстарды орындау кезінде заманауи мамандандырылған бағдарламалық кешендерді пайдалану;

·         Департамент басшылығына орындалған жұмыс бойынша есептілікті дайындау және ұсыну;

·         Еңбек шартында және осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау, тоқсандық және жылдық есептілікті ұсына отырып, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Серіктестік басшылығының бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын тиісті түрде орындау;

·         Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау және оған басшылық ету

·         Қызмет басшысының, Департамент директорының, Бас директордың геологиялық барлау жөніндегі орынбасарының тікелей тапсырмаларын орындау

Ерекше шарттар

·         Тез өзінен-өзі үйрену қабілеті, математикалық логика, топтада және жеке жұмыс істей білу, іссапарларға шығуға дайындық (кен орындары, зертханалар және т. б.)

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр