Жетекші бизнес-жаттықтырушысы Алматы қ.

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
400

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қоғамның нормативтік-құқықтық құжаттарының талаптарын дер кезінде және нақты орындауға;
  • Тікелей басшының нұсқауларын, бұйрықтарын және қосымша нұсқауларын орындауға;
  • Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауға;
  • Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша лауазымдық нұсқаулық талаптарын сақтау және орындау;
  • Iшкі құжаттардың қағидаттарын, дәлелдеу нормаларын, талаптары мен ережелерін сақтау арқылы ішкі бақылау жүйесінің және процестік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін бірыңғай корпоративтік мәдениетті енгізу және дамыту процестеріне қатысу және жәрдем көрсету;
  • Тақырыптық курстарға қатысу және жаңа ақпаратты өз бетінше оқу арқылы біліктілікті арттыру;
  • Бизнес жаттықтырушылардың B2C сегментінің қызмет көрсететін персоналын кәсіби даярлауды ұйымдастыру және бақылау;
  • В2С (сервистік бөлімшелер) сату бөлімшелерінің қызметкерлерін сатудың қазіргі заманғы техникасына, телекоммуникация қызметтерін ұсыну технологиясына, нормативтік-регламенттеуші құжаттарға топтық және жеке оқытуды жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • Оқылған материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін қызметкерлердің кіріс және шығыс тестілеуін жүзеге асыруды бақылау;
  • Оқыту бағдарламаларын түзету және жаңарту мақсатында тренинг нәтижелері бойынша кері байланысқа жүйелі талдау жүргізу;
  • Қызметкерлерді оқытуға қажеттілікті анықтау және оқыту жоспарын құру;
  • Мамандарды, ҚБ  басшыларын оқытудың тиімділігіне талдау жүргізу;
  • Жұмыс тиімділігін арттыру үшін құрылымдық бөлімшелердің басшыларына оқыту, қамқорлықтағылардың жұмыс орындарындағы жұмысын қадағалау нәтижелері бойынша ұсынымдар беру;
  • Тестілеуді өткізу үшін тест сұрақтарын дайындау;
  • Оқылған материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін қызметкерлерді кіру және шығу тестілеуін жүзеге асыру;
  • Жаңадан келген қызметкерлерді бейімдеу: жаңадан келген қызметкерлерді қоғамда әзірленген оқытудың бейімделу бағдарламасына сәйкес клиенттермен оқу-әдістемелік материалдар бойынша өзара әрекеттесу кезінде мінез-құлық нормалары мен ережелеріне үйрету;
  • «iSpring» ҚОЖ (Қашықтықтан оқыту жүйесі) оқу курстарының өтуін, қоғам көрсететін телекоммуникация қызметтері бойынша бақылау және тарату материалдарын әзірлеу, мониторингілеу, талдау;
  • Қызметтерді сату, бейімдеу тренингтері, онлайн тренингтер бойынша тренингтер әзірлеу және өткізу;
  • Білім Базасын жүргізу;
  • Тәлімгерлік бойынша жобаны енгізу.

Талаптар:

  • Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде регламенттеуші құжаттар;
  • Байланыс қызметтерін көрсету қағидалары;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және телекоммуникация қызметтерін ұсынуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік материалдар;
  • Қызметтердің тарифтері, негізгі технологиялық және конструктивтік ерекшеліктері, сипаттамалары және тұтынушылық қасиеттері;
  • Қызметтерді ілгерілетуді ұйымдастыру;
  • Lotus Notes электрондық құжат айналымы;
  • Осы лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті Қолданбалы компьютерлік бағдарламалар ("БиТТЛ" АСР, Microsoft Office (Word, Excel);
  • Лауазымға орналасу үшін қажетті көлемде мемлекеттік тіл;
  • Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары;
  • Өндірістік санитария, азаматтық қорғаныс қағидалары мен нормалары, сондай-ақ мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауға қатысты нормативтік актілер;
  • Оқытудың заманауи және тиімді әдістері;
  • Коммуникативті және сату дағдылары;
  • Кері байланыс беру дағдылары.

Шарттар:

  • ҚР ең ірі телекоммуникациялық компаниясында жұмыс істеу;
  • ҚР ЕК-не сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
  • Уақытылы жалақы;
  • Компания есебінен оқыту;
  • Мансап сатысымен көтерілу мүмкіндігі;
  • Жақсы әлеуметтік пакет.

Қажетті қабілеттер

  • - Microsoft Word, Excel
  • АСР
  • коммуникативные навыки

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)