Басқарушы директор

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
44

Қаралған саны:
2582

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • кадрлық, құқықтық мәселелер бойынша, сатып алу мәселелері бойынша серіктестіктің қызметін үйлестіруді және бақылауды, оның ішінде серіктестіктің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын жүзеге асырады;
    Басқарма төрағасы бұйрықтарының, Басқарма шешімдерінің, Серіктестік жасасатын шарттардың, келісімдердің жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асырады;
  • Серіктестіктің қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды, тексеру актілері бойынша қарсылықтарды дайындауға, серіктестікті жауапкершілікке тарту туралы шығарылған қаулылар бойынша хат алмасуға қатысуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • Серіктестікте талап – арыз жұмысын ұйымдастыруды, сот процестеріне қатысуды, талап-арыздарға, қарсылықтарға, апелляциялық және кассациялық шағымдарға білікті Пікірлер дайындауды бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Мемлекеттік органдардың, қатысушылардың жалпы жиналысының, серіктестіктің Бақылау кеңесі мен Басқарма Төрағасының өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдерін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және олардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
  • серіктестік жұмыскерлерін іссапарға жіберу, жұмысқа қабылдау, лауазымға тағайындау, ауыстыру және жұмыстан шығару, демалыстар туралы, сондай-ақ серіктестік жұмыскерлеріне қатысты тәртіптік жазалау мен көтермелеу шараларын қолдану (алып тастау) туралы өкімдерді, бұйрықтарды және серіктестік шеңберіндегі оның негізгі қызметі бойынша серіктестіктің басқа да актілерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Жұмыс берушінің актілерін келісуді жүзеге асырады Басқарма Төрағасының келісу бұрыштамасы негізінде жетекшілік ететін мәселелер бойынша;
  • серіктестіктің келесі құрылымдық бөлімшелеріне басшылық етеді және жетекшілік етеді:
    Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаменті;
    Сатып алуды ұйымдастыру департаменті;
    Адами ресурстарды басқару және кеңсе бөлімі.

Талаптар:

  • жоғары заңгерлік білім;
  • басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес;
  • мүмкіндігінше "іскерлік әкімшілендіру магистрі"дәрежесінің болуы.