Ірі мұнай-газ жобалары департаменті іссапарға жіберу тобының жетекші маманы - логистика жөніндегі үйлестіруші

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
64

Қаралған саны:
1178

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары білім (мүмкіндігінше төмендегілердің бірі – экономика, бизнес, маркетинг, қаржы, инженерлік немесе техникалық);
  • МВА/басқа лауазымының тиісті бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (қалаулы).

Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі:

  • Кемінде 4 жыл.

ҚМГ компаниялар тобында/мұнай-газ саласында жұмыс тәжірибесі:

  • Ұқсас қызметте кемінде 3 жыл.

Қосымша талаптар (мүмкіндігінше):

  • Көліктік экспедициялау, логистика және тасымалдау бойынша ірі мұнай-газ жобаларында жұмыс тәжірибесі;
  • Ағылшын тілін Upper-intermediate деңгейінде меңгеру.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Күрделі жобаларды басқару және іске асыру саласында;
  • Мұнай-газ жобаларын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару саласында;
  • Жер қойнауын пайдалану, мұнай операцияларын жүзеге асыру, акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы саласында;
  • Еңбекті қорғау, өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек және азаматтық заңнамасы саласында;
  • ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы менеджментінің интеграцияланған жүйесі;
  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу (жазбаша және ауызша).

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Күрделі жобалар бойынша Құжаттаманы талдау, жобалық құжаттарға сараптамалық қорытындылар беру дағдылары;
  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Келіссөздер, презентациялар, іскерлік байланыс және хат алмасу жүргізу;
  • Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;
  • Microsoft Office бағдарламалық пакетімен жұмыс істеу дағдылары.

Аталған лауазымдағы функционалдық міндеттері:

  • ТШО мұнай және мұнай өнімдерін өткізу мониторингін жүзеге асырады;
  • ТШО өнімдерін өткізудің баламалы бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Күрделі шығындарды тиімді басқару мақсатында күрделі жобалардың жұмыс бағдарламалары мен жылдық бюджетіне сараптама жүргізуге және талдауға жауап береді;
  • ТШО-ның күрделі жобаларды қаржыландыруға арналған сұрау салуларын қарайды және сұрау салынған қаражаттың негізділігіне талдау жүргізеді;
  • ҚМГ басшылығы мен мемлекеттік органдарға проблемалық мәселелер бойынша жобалар бойынша ақпарат (анықтамалар, Талдамалық жазбалар, баяндамалар, презентациялар) дайындайды;
  • Ақпарат, ұсынымдар мен ескертулер дайындау мақсатында кеңестердің, ТШО басқару органдарының, комитеттердің және кеңестердің, жұмыс кездесулерінің жұмысына қатысады;
  • ТШО-ның күрделі жобалары бойынша ай сайынғы есептерге талдау жүргізеді және ҚМГ басшылығы үшін ұсынымдар дайындайды;
  • Департамент жұмысының ішкі процестерін және өзара іс-қимылын реттейтін ҚМГ-ның ішкі талаптарын, рәсімдерін және қағидаларын орындауды жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат:

Үміткер келесі қасиеттерге ие болуы керек:

  • Ұжымда жұмыс істей білу.
  • Шығармашыл ойлау.
  • Үздік көшбасшылық қасиеттері.

Логистика жөніндегі үйлестіруші лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Қазақстан Республикасының жүктерін тасымалдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдері;
  • Темір жол әкімшіліктерінің жүктерді тасымалдау ережелері;
  • ҚР Көлік және коммуникация министерлігінің бұйрықтары мен нұсқаулары;
  • Техникалық құжаттама рәсімдеу тәртібін;
  • Логистика негіздерін.

Мыналарды жасай білуі тиіс:

  • Тапсырмаларды орындау үшін атқарылатын жұмыстардың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу;
  • Ақпаратты жинау, қорытындылау және құрылымдау;
  • Өзінің лауазымдық құзыреттілігі шеңберінде шешім нұсқаларын әзірлеу;
  • Жұмысты барынша бақылаусыз орындау, дербес әрекет ету;
  • Өзінің жеке күшті және әлсіз жақтарын бағалау;
  • Өзін-өзі дамыту үшін нақты қадамдар жасау;
  • Топ мақсаттарына жету үшін әріптестермен тәжірибе мен ақпаратпен бөлісу;
  • Өз ойын жазбаша да, ауызша да анық, қысқа және құрылымды етіп жеткізу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

1. Өнім жеткізілімдерін жоспарлау және ұйымдастыру:

  • Өндіріс деректеріне және теміржол арқылы жөнелту жоспарына сәйкес жөнелтуді жоспарлау құралдарын күн сайын жаңартады, сонымен қатар бос цистерналардың келуіне болжамды жаңартады.
  • Күнделікті маркетинг бөлімінің басшылығы мен қызметкерлеріне өндіріс, өнім сапасы және теміржол жөнелтілімдері және вагондармен қамтамасыз ету жағдайы бойынша негізгі тармақтарға тоқтала отырып, қысқаша есеп жібереді.
  • Жоспарлау тобының басшысына айлық және онкүндік теміржол жоспарларын дайындауға және ұсынуға, соның ішінде ақылы кодтарды басқаруға көмектеседі; жөнелтілімдердің он күндік теміржол жоспарларын ұсынады.
  • Терминалдарға жеткізу кестелерін әзірлеу мақсатында терминалдардың теміржол арқылы жөнелтілім көлемін уақтылы алуын қамтамасыз ету үшін трейдерлермен, теңіз операциялары тобымен және өнімді сатудың коммерциялық тобымен үнемі өзара әрекеттеседі.
  • Күнделікті танкерлер қозғалысының толық циклін бақылайды, Теңізден жөнелтімдерді реттеу үшін олардың тиеу-түсіру терминалдарына келуін болжайды.
  • Шұғыл қажет болғанда, терминал үйлестірушісі және сату тобы ретінде әрекет етеді және жөнелтуші нұсқауларын жібереді
  • МжТ бөлімінің жылжымалы құрамдар тобымен, ТШО темір жол бөлімімен және тасымалдау қызметін көрсететін тараптармен жұмысты үйлестіреді.
  • БӨБО-мен, ТШО Өндіріс бөлімінің Экспорт тобымен, ТШО Коммерциялық топтарымен өнімді жөнелтудің мерзімін өзгерту және сақтау үшін жұмыстарды үйлестіреді.
  • Темір жол транзитіндегі, теңіз бұғаздары мен жүк түсіру терминалдарындағы ағымдағы операциялық жағдайды ескере отырып, Теңізден теңіз терминалдарына жөнелтілімдерді дербес реттейді.
  • Сатып алушылардың өтініші бойынша қалдық баланс бойынша алдын ала салыстыру жүргізеді және кейінгі жөнелтілімдер үшін жетіспейтін қаражатты анықтайды.
  • Тасымалдау құжаттамасы бойынша тасымалдау қызметін көрсететін мердігерлерге бақылауды жүзеге асырады.
  • Жөнелтілім және тасымалдау бойынша күнделікті және ай сайынғы есептерді (сонымен қатар сұраныс бойынша) әзірлейді және ұсынады.

2. Темір жол жөнелтілімдері бойынша логистика мен тасымалдауды оңтайландыру жобаларына қатысады. Логистикалық индустрияда заманауи АТ-шешімдерді пайдалана отырып, мамандандырылған клиент-сервистік қосымшаны енгізу мен жетілдірудің негізгі қатысушысы болып әрекет етеді.

3. Материалдарды әлеуетті жеткізушілер арасында тендерлік құжаттаманы дайындауда Суперинтендантқа қолдау көрсетеді.

4. Тасымалдауды ұйымдастыру үшін қажетті қорларды басқарады және оңтайландырады. “eProcurement” жүйесінде алдағы айларға тапсырыстарды орналастырады. Жеткізілетін материалдардың сапасын жақсарту үшін Материалдық-техникалық жабдықтау тобымен (SCM-мен) ынтымақтасады.

5. Мердігерлерді тарта отырып жұмыстарды орындау үшін МжТ логистика бөлімдері мен Өндірісті пайдалану бөлімі арасында делдал қызметін атқарады.

6. Мұнай, сұйытылған газ және күкірт өнімдері бойынша жобалар мен зерттеулерге қолдау көрсетеді.

7. Өндірістік мәселелерге және тиеуге қатысты БӨБО-мен, сыртқы және ішкі нарыққа төлқұжаттарды дайындау бойынша Орталық зауыт зертханасының қызметкерлерімен, жөнелту жоспарлары бойынша Коммерциялық топтың үйлестірушілерімен және жоспарға сәйкес темір жол жөнелтілімдері орындау бойынша ATИ диспетчерлерімен шұғыл мәселелерді шешеді.

8. Карталарға сұйық күкірттің төгілуін азайту шараларын жоспарлайды және жүзеге асырады.

9. «Қазақстан темір жолы» АҚ және басқа да темір жол әкімшіліктерімен іскерлік қарымқатынасты қолдайды.

10. Тікелей мердігер ұйымдарға өндірісті оңтайландыру, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғауға қатысты бастамаларға жетекшілік етеді.

11. МжТ мердігерлеріне CHESM процесі бойынша қолдауды қамтамасыз етеді

12. Менеджер атынан теміржол вагондарының иелері, инспекциялық компаниялар және басқалары сияқты қызмет көрсетушілермен келіссөздерге қатысады.

13. Басшылықтың талабы бойынша қолданбалы бағдарламаларды пайдалана отырып, жиынтық кестелер мен графиктерді құрумен мәліметтер қорымен аналитикалық жұмыстарды өз бетінше орындайды.

14. Менеджерге ТШО өнімдерін сатып алатын және тасымалдау қызметтерін ұсынатын ТМД елдерінің әртүрлі компанияларының басшылығымен жақсы іскерлік қарымқатынаста болуға көмектеседі.

15. Мұнай мен ТШО өнімдерін үздіксіз тасымалдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің билік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

16. Өндірісті оңтайландыру, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жұмысында үлгі ретінде қызмет ету;

17. Қауіпсіз мінез-құлық оқу-жаттығуларын әзірлеу және оларға белсенді қатысу.

18. ТШО өндірісті оңтайландыру стратегиясына қолдау көрсете отырып, әлемдік деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында қауіпсіздік техникасын, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, сенімділік пен тиімділікті жүйелі түрде басқаруға болысады.

19. Теміржол вагондары мен басқа жабдықтарды тексеру кезінде қауіпсіз жұмыс тәжірибесін қадағалайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр