Павлодар стансасындағы қалпына келтіру пойызының (1-топ) жүктерге және арнайы вагондарға ілесіп жүру жөніндегі жолсерігі

от 154540 KZT
Павлодарское отделение магистральной сети Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
307

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
1Жылжымалы құрамның материалдық құралдарын, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, жабдықтарды, инвентарды сақтауды қамтамасыз ету.
2Қоршаудың, техникалық құралдардың зақымдалуы, материалдық құндылықтардың ұрлануы анықталған кезде қажетті шараларды дереу қолдану, филиалдың, қалпына келтіру поезының басшылығына, Филиал кезекшісіне және желілік полиция бөліміне болған оқиға туралы хабарлау. 
3Қалпына келтіру поезының қызметкерлерімен белгіленген уақытта телефон байланысын тексеру, тексеру нәтижелері туралы қалпына келтіру поезының басшылығына баяндау.
4

қалпына келтіру поезы жылжымалы құрамның рельстен шығу салдарын жоюға шақырған кезде:

          - бұйрық берген тұлғаның тегі мен лауазымын, беру уақытын көрсете отырып,  Филиал кезекшісінің бұйрығын Бұйрықтарды  және телефонограммаларды қабылдау журналына нақты және толық тіркеу;

          - Филиал кезекшісінің бұйрығы туралы қалпына келтіру поезының бастығына және оның орынбасарына дереу баяндау, қалпына келтіру поезының қызметкерлерін әзірленген сұлба бойынша шақыру, үй телефондары жоқтарды - мобилді телефон арқылы шақыру;

           - станция бойынша кезекшіден қалпына келтіру поезына локомотивтің қай жақтан берілетінін және станция жолына жылжымалы құрамның жөнелтілуін нақтылау.Білім талаптары:
  1. Білімі: орта кәсіптік.
  2. Мамандығы: «Жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету».
  3. Жалпы жұмыс тәжірибесі: Міндетті емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру