Инженер, Қайта барлау қызметі

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
33

Қаралған саны:
919

   Конкурс туралы

 

Талаптар

Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары

Талап етілетін біліктілік

Білімі (жоғары, мамандығы /біліктілігі)

Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану/геология және барлау/бұрғылау/жобалау саласындағы жоғары техникалық білім

Кәсіби саладағы жұмыс өтілі

Талап етілмейді, 2 жылдан аспайды, мамандығы бойынша мұнай-газ саласында тәжірибеден өткен жөн

Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі

Құпталады

Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі

Талап етілмейді

Мамандануына байланысты лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Сейсмикалық деректерді өңдеу және құрылымдық түсіндіру процесін түсіну;
  • Қазақстанның мұнай-газ бассейндерінің геологиялық-геофизикалық зерделенуі және құрылымы;
  • Жалпы геология, мұнай геологиясы, геофизика, петрофизика, седиментология, геотектоника және геохимия білімі;
  • Седиментология және сиквенс-стратиграфия бойынша терең білім;
  • Қазақ және/немесе орыс тілін, ағылшын тілін білу (мүмкіндігінше);

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар::

·         Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу, геологиялық-техникалық зерттеу және керн деректерін оқу және түсіндіру дағдылары;

·         Орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша техникалық презентацияларды дайындау дағдылары;

·         Геофизикалық және геологиялық-кәсіпшілік деректерді жүйелеу дағдысы;

·         Мамандандырылған салалық бағдарламалық өнімдерде жұмыс істеу дағдылары:

-графикалық материалдарды дайындау үшін (геологиялық карталар, профильдер, схемалар және т. б.);

-ұңғымалардың геофизикалық зерттеулерінің ұңғымалық деректерін сапалық және сандық түсіндіру бойынша (Techlog);

-сейсмикалық деректерді құрылымдық және динамикалық түсіндіру бойынша (Petrel);

- Мұнай-газ кен орындарының геологиялық модельдерін құру бойынша (Petrel).

·         Презентациялар, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары;

·         Топта жұмыс істеу дағдылары;

·         Стратегиялық, аналитикалық және жүйелі ойлау дағдылары және өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу; ерекше және күрделі жағдайларда шешім қабылдау;

·         Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;

·         Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттарды жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;

·         Microsoft office, Outlook және т. б. бағдарламалық өнімдеріндегі дағдылар.

Осы лауазымның функционалдық міндеттері:

·         Жаңа шоғырларды табу мақсатында кешенді талдау және геологиялық модельдеу бойынша жұмыстарды орындау игерілетін кен орындарында. Сиквенс - және хроно-стратиграфия, мұнай-газ жүйелерін талдау;

·         Сейсмикалық деректерді динамикалық түсіндіру,  сейсмикалық инверсия, сейсмофациалдық талдау;

·         Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу деректерін петрофизикалық түсіндіру, петрофизикалық әртектілігіне талдау жүргізу, керндік, каротаждық және геологиялық деректерді интеграциялау;

·         Жер қойнауын геологиялық-геофизикалық зерттеуге, мұнай және газ кен орындарын іздеуге және жете барлауға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;

·         Келешекті құрылымдық және құрылымдық емес тұзақтарды іздеу және анықтау, тәуекелдер мен ресурстық әлеуетті бағалау;

·         Геологиялық барлау жұмыстарын қоюға ұсынымдар әзірлеу және жобалық шешімдердің геологиялық орынды нұсқаларын негіздеу;

·         Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;

·         Нормативтік талаптарды сақтау және құжаттаманы сапалы ресімдеу, оны келісудің белгіленген тәртібін сақтау, серіктестіктің ғылыми-техникалық кеңесінің қарауына материалдар дайындау

·         Мұнай-газ кен орындарын іздеу және жете барлау саласындағы проблемаларды шешу және әдістерді жетілдіру жөніндегі ғылыми-техникалық конференцияларға қатысу;

·         Өзінің кәсіби деңгейін, жеке біліктілігін арттыру және ғылымның, техниканың және технологияның жаңа жетістіктерін бақылау бойынша тұрақты жұмыс істеу;

·         Департамент туралы Ережеге сәйкес департаментке жүктелген міндеттерді іске асыруды және функцияларды орындауды қамтамасыз ету;

·         Департаменттің жұмыстарды орындау кезінде заманауи мамандандырылған бағдарламалық кешендерді пайдалану;

·         Департамент басшылығына орындалған жұмыс бойынша есептілікті дайындау және ұсыну;

·         Еңбек шартында және осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау, тоқсандық және жылдық есептілікті ұсына отырып, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Серіктестік басшылығының бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын тиісті түрде орындау;

·         Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау және оған басшылық ету

·         Қызмет басшысының, Департамент директорының, Бас директордың геологиялық барлау жөніндегі орынбасарының тікелей тапсырмаларын орындау

Ерекше шарттар

·         Тез өзінен-өзі үйрену қабілеті, математикалық логика, топтада және жеке жұмыс істей білу, іссапарларға шығуға дайындық (кен орындары, зертханалар және т. б.)

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр