Кен орнын игеру бөлімінің бастығы

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
33

Қаралған саны:
2548

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

• топ мақсаттарын белгілеу және олардың «НКОК Н.В.» компаниясы мен техникалық директораттың мақсаттарымен тікелей байланыста болуын қамтамасыз ету;

• қойылған міндеттерді орындау кезінде өнім қойнауқатын игеру тобындағы қызметкерлердің жұмыс жүктемесін және жеке нәтижелілігін басқару;

• өнім қойнауқатын жобалау жұмысының техникалық тұрғыдан сапаға сәйкестігін және технологиялардың тиісті түрде қолданылуын қамтамасыз ету;

• өнім қойнауқатын игеру жұмысын басқару процесін ұйымдастыру;

• Консорциумның негізгі активтері бойынша өнім қойнауқатын модельдеу үлгілерін жаңартып отыру;

• өнім қойнауқатын жобалау жұмысының нәтижелері мақсатқа сай келуін және кесте бойынша уақытылы өткізілуін қамтамасыз ету;

• өнім қойнауқатын жобалау бойынша жазбалардың нормативтік-техникалық құжаттамаларға енгізілуі қанағаттандырарлық сапада болуын қамтамасыз ету;

• өнім қойнауқатын жобалау, геоғылымдар, бұрғылау, өндірістік операциялар мен жалпы жобалар бөлімдерінің қызметкерлері арасында тиімді әрекеттестікті қамтамасыз ету;

• өнім қойнауқатын жобалау тобы мен басқа директораттар, консорциум бойынша серіктестер және ҚР билік органдары арасында нәтижелі байланыс орнатуға атсалысу;

• заңнама және ӨБК шеңберінде талап етілетін негізгі құжаттардың тиісті сапада дайындалуын және уақытылы өткізілуін қамтамасыз ету;

• Консорциумның кен орнын игеру жұмыстарын жоспарлау бойынша үздіксіз жасалып отыратын зерттеулерге тиісті деңгейде қолдау көрсету;

• «НКОК Н.В.» компаниясының жоспарлау және бюджет әзірлеу қызметіне көмек көрсету;

• ішкі және сыртқы шаралар мен кездесулерде «НКОК Н.В.» компаниясының өнім қойнауқатын жобалау бөлімшесі өкілі ретінде қажетінше қызмет атқару;

• кен орнын игеру жұмыстарын жоспарлау мен зерттеу үшін жер қойнауын игеру бөлімінің негізгі байланысушы тұлғасы ретінде қызмет атқару;

• өкілеттіліктерді беру нұсқаулығында (ӨБН) профильдік нөміріне және берілген өкілеттіліктеріне сәйкес мақұлдаушы тұлға ретінде әрекет ету.

• Консорциумда қызмет ететін өнім қойнауқатын игеру жөніндегі инженерлердің жұмысын қадағалау
Ауызекі ағылшын.

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

• мұнай өнеркәсібінің барлау және өндіру саласындағы өнім қойнауқатын жобалау бойынша 8-10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі;

• инженерлік-техникалық сала бойынша жоғары білімі;

• көп ұлтты ортада техникалық және стратегиялық бизнес қызметтеріне жетекшілік ету қабілеті;

• жергілікті мемлекеттік органдармен және консорциум компаниялары арасында қарым-қатынас орнатуда елеулі әрі пайдалы тәжірибесі.

 Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

• өзара қарым-қатынас орнату және басқару қабілеті;

• тиімді қарым-қатынас құру дағдылары, соның ішінде ағылшын тілін еркін білу.

• жергілікті мемлекеттік органдар мен Консорциум бойынша серіктестердің қажеттіліктерін тани білу және оларға сәйкес әрекет ете білу;

• жұмысты қадағалау тәжірибесі және көп салалы техникалық топқа жетекшілік ету қабілеті.

Қажетті қабілеттер

  • знание английского языка (разговорный уровень)
  • -Лидерские и управленческие навыки
  • Навыки проведения инженерных расчетов при проектировании освоения месторождений нефти и газа
  • разработка нефтегазовых месторождений

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)