Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған орта жөніндегі инженерi

"Эйр Астана" АҚ
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
340

   Конкурс туралы

МІНДЕТТЕР:

  • Авиакомпанияның бөлімшелерінде экологиялық заңнама, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы ұйымды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу, еңбекті қорғау жағдайын есепке алу, талдау және бағалау;
  • Авиакомпанияның өндірістік қауіпсіздігі мен қоршаған ортасын басқару жүйесінің біріктірілген менеджмент жүйелерінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету. ISO 14001 бойынша жұмыстарды енгізу және жүргізу бойынша іс-шараларды әзірлеу;
  • Өндірістегі жазатайым оқиғаларға тергеу ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға қоршаған орта, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы барлық қажетті есептерді ұсыну.
  • Кәсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту, оларды қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру бойынша іс-шараларды әзірлеу, сондай-ақ әзірленген іс-шараларды іске асыруға ұйымдастырушылық көмек көрсету.
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар мен міндеттерді белгілеу, бағдарламаларды әзірлеу және іске асыруда авиакомпанияның бөлімшелерімен жұмысты үйлестіру және ынтымақтасу.
  • Ғимараттардың, құрылыстардың, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйін, желдету жүйелерінің тиімділігін, қызметкерлердің ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарының жай-күйін тексеру,  олардың қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін анықтауға қатысу. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін бұзушылықтар анықталса, цехтарда, учаскелерде және жұмыс орындарында машиналарды, жабдықтарды және жұмыстарды тоқтатуға шаралар қабылдау.

ТАЛАПТАР:

  • Қоршаған ортаны қорғау немесе тіршілік қауіпсіздігі, инженерлік мамандық бойынша жоғары кәсіптік білім;
  • Жоғарыда аталған салаларда магистр дәрежесінің болуы құпталады немесе еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс өтілі + / - 3 жыл
  • Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Орыс және ағылшын тілдерін жазбаша және ауызша жақсы білу;
  • ISO 45001, ISO14001 саласындағы ішкі аудит саласында сертификаты және/немесе біліктілігі болғаны жөн.
  • Жұмыс уақытын жоспарлау дағдылары, шешім қабылдау дағдылары, іскерлік қарым-қатынас дағдылары.