«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Жамбыл магистральдық желі филиалы» трассасының Түлкібас дистанциясы механикалық шеберханалары шеберханасының машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу шебері.

222650 - 236763 KZT
Тюлькубасская дистанция пути Түлкібас к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
438

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу шебері келесі міндеттерді орындайды:
  • Берілген жұмыс бағыты бойынша өзіне бағынысты персоналға жетекшілік етеді: бағыныстыларға өндірістік тапсырмаларды анықтайды, береді және олардың уақытында орындалуын бақылайды.
  • Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу бойынша жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестелерін (жоспарларын) әзірлеуге қатысады.
  • Жабдықтарды мерзімді тексеруді, оны пайдалануға дайындауды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастырады.
  • Жұмыс параметрлерін өлшеу деректерін талдайды, қажетті есептеулерді жүргізеді және машиналар мен механизмдердің жекелеген бөліктері мен тораптарының жұмысқа жарамдылығы туралы қорытынды береді, олардың істен шығу себептерін анықтайды.
  • Машиналар мен механизмдерді күрделі жөндеуден өткізу кестелерін жасайды, оларды күрделі жөндеуден қабылдауды жүзеге асырады және олардың уақтылы іске қосылуын қамтамасыз етеді.
  • Машиналар мен механизмдердің техникалық дұрыс жұмыс істеуіне, олардың технологиялық дәлдігіне, машиналар мен механизмдерді пайдалану нұсқауларының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
  • Бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес жөндеу жұмыстарының сапалы және уақытылы орындалуын бақылайды.
  • Жұмыстардың сапасыз орындалуының, машиналар мен механизмдердің жұмыс істеу ережелерінің бұзылуының себептерін талдайды, олардың алдын алу және жою шараларын қолданады.
  • Жұмыстың прогрессивті әдістерін енгізеді, жұмысты ұйымдастыру мен технологиясын жетілдіреді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: белгіленген бағдарлама бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік) немесе арнайы білім
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Көтеру және көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары); Құрылыс (Темір жолдар, жол құрылыстары, көпірлер мен көлік туннельдері құрылысы); Көлік құрылысы
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)