Бухгалтерлік және салықтық есеп департаменті салықтық бақылау және әдістеме бөлімінің жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
54

Қаралған саны:
1620

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары экономикалық және/немесе қаржылық білім.

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Салықтық есеп саласында кемінде 5 жыл (мұнай-газ компанияларында болса жақсырақ).

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Жақсырақ.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», салық салу, трансферттік баға белгілеу, мұнай-газ саласындағы (жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы) Қазақстан Республикасының заңнамалары;
  • Қазақстан Республикасында салық салу қағидаттарын түсіну;
  • Салықтық жоспарлау мақсатында мұнай-газ жобаларын экономикалық талдауды және бухгалтерлік есеп негіздерін білу;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі және ішкі бақылау жүйесі негіздері саласындағы.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Мәмілелерді салықтық сараптау, салық салу мәселелері бойынша консультация беру және қорытындылар дайындау дағдылары;
  • Әдіснамалық құжаттарды әзірлеу дағдылары;
  • Заң шығару бастамалары шеңберінде құжаттарды дайындау дағдылары;
  • MS Office, IBM: Lotus Notes, SAP, ADOBE: Acrobat Reader, ABBYY бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істеу дағдылары немесе тәжірибесі;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;
  • Тұлғааралық қатынастарды дамыту дағдылары;
  • Салықтық және экономикалық талдау жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Еңбек қатынастары мәселелері бойынша «Samruk Business Academy»ЖМ-мен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Салық функциясы бойынша корпоративтік нормативтік әдіснамалық құжаттарды әзірлеуге және қолданыстағы нормативтік әдіснамалық құжаттарға өзекті сипат беруге қатысады; бақыланатын шетелдік компаниялар бойынша есеп қалыптастырады;
  • ҚМГ мен оның ЕТҰ-нан салық салу бойынша, оның ішінде трансферттік баға белгілеу бойынша келіп түсетін мәселелерді қарайды және олар бойынша түсіндірмелер береді. Қажет болған жағдайда проблемалық мәселелер салық тәуекелдерін басқару процесіне жіберіледі;
  • Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға немесе сатуға қатысатын құрылымдық бөлімшелерден мәмілелер мониторингі бойынша ақпаратты (есептілікті) жинау арқылы «Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) экспорты» және «Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) импорты» мәмілелер мониторингі бойынша ҚМГ есептілік нысанын қалыптастыруды және трансферттік баға белгілеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны уәкілетті мемлекеттік органға ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • ҚМГ-да халықаралық іскерлік операциялармен байланысты мәмілелер жасасу кезінде нарықтық бағаны анықтау әдістерін пайдалану, трансферттік баға белгілеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді, ақпаратты сатып алуға немесе сатуға қатысатын құрылымдық бөлімшелер қолданатын бағаның негізділігін растайтын ақпаратты, құжаттаманы және есептілікті жүргізу (жинау) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Компания активтерін болжамды қайта құрылымдау схемаларына, сондай-ақ жаңа ұйымдар құру бойынша және олармен байланысты қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу-сату жөніндегі шарттар мен келісімдердің жобаларына талдау жүргізеді, ҚМГ мүдделерін қорғау және салық салдарын анықтау мақсатында қаралатын схемалар бойынша ҚМГ қаржы блогының позициясын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындайды, оның ішінде халықаралық салық салу мәселелері бойынша ұсынымдарды талдау және дайындау;
  • Салықтық төлемдер бөлігінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) салықтық базасын (base Erosion and Profit Shifting – BEPS) бұзуға қарсы күрес бағдарламасын іске асыру мақсатында заңнамалық талаптарды орындау шеңберінде трансферттік баға белгілеу жөніндегі үш деңгейлі құжаттама бойынша есептілікті дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қатысу үлесін сатып алу және өткізу жөніндегі шарттардың жобаларын, инвестициялық жобалардың, ірі мұнай-газ активтері жобаларын қоса алғанда, ҚМГ мен ЕТҰ жаңа жобаларына салықтық сараптама жүргізеді; жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде стратегиялық серіктеспен жасалатын шарттар мен келісімдердің мәмілелері мен жобаларын талдау, көрсетілген жобаларда ҚМГ мүдделерін қорғау және салық салдарын анықтау мақсатында қаралатын схемалар бойынша ҚМГ ұстанымын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау; ҚМГ/ЕТҰ үшін жеңілдіктер мен преференциялардың қолданылуын талдау, оның ішінде халықаралық салық салу мәселелері бойынша ұсынымдарды талдау және дайындау;  
  • Ағымдағы салық заңнамасын және трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманы, оларды қолдану практикасын талдауды, салық салудың проблемалық мәселелерін шешу жөнінде ұсынымдар әзірлеуді; салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу тәртібі бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды, бақыланатын шетелдік компанияларға салық салу мәселелерін қоса алғанда, халықаралық салық салу мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз етеді; резидент емес ЕТҰ-ның қаржылық есептілігін бақыланатын шетелдік компанияларға салық салу жөніндегі нормаларды қолдану қажеттілігі мәніне талдайды;
  • Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, акционерлік қоғамдардың акциялар пакеттерін сатып алу және ҚМГ және/немесе ЕТҰ қатысатын заңды тұлғалар құру шеңберінде жобаларға салықтық сараптама жүргізеді; мәмілелерді, оның ішінде акцияларды және/немесе қатысу үлестерін өткізудің және/немесе сатып алудың болжамды жобаларын құрылымдау кезіндегі салықтық салдарларды талдау, шарттардың (келісімдердің) жобаларына және ҚМГ және ЕТҰ мүдделерін қорғау және салық салдарларын анықтау мақсатында қаралатын схемалар бойынша ҚМГ ұстанымын қалыптастыру жөнінде ұсынымдар дайындау, оның ішінде халықаралық салық салу мәселелері бойынша ұсынымдарды талдау және дайындау;
  • Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша және/немесе ҚМГ Басқарма төрағасының бұйрығына сәйкес комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына, кеңестерге қатысады; департамент туралы ережеге сәйкес өзге де функцияларды, сондай-ақ қосымша жүктелген, бірақ департамент туралы ережеге енгізілмеген Басқарма төрағасының, департамент директорының тапсырмалары бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Кандидатқа қойылатын қосымша талаптар (болған кезде):

  • Командада жұмыс істеу дағдылары, оңай бейімделу, атқарушылық, бастамашылық, шығармашылық, еркін ойлау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр