Жобаны қаржылық сүйемелдеу департаментінің қаржыландыру жөніндегі бас маманы (аутстаффинг)

ТОО «KMG PetroChem» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
616

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Өз құзыреті шегінде «Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу  – Екінші фаза (Газды сепарациялау қондырғысын және өнім құбырларын салу)» және «Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу – Екінші фаза (Полиэтилен өндірісі)» инвестициялық жобаларын (бұдан әрі - Жобалар) іске асыру үшін қажетті материадарды дайындауға қатысады және ұйымдастырады;
  • Жобаларды дамыту жөніндегі үйлестірушімен бірлесіп жобаларды қаржылық-экономикалық модельдеуді жүргізеді;
  • Жобаны іске асыру кезіндегі инвестициялардың басымдықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес:

         - болашақ мәмілеге инвестициялық талдау жасау процестерін жүргізеді;

         - жоба бойынша талдамалық материалдарды дайындайды;

         - нарық жағдаятын талдау бойынша жұмыс жасайды;

  • Инвестициялық процестер бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттарды талдайды, өзгерістер енгізудің орындылығын бақылауға жауап береді;
  • Болашақ кірістер мен шығыстарды есептеуге арналған инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде одан әрі пайдалану мақсатында экономикалық жағдайларды болжау үшін  қаржылық ақпаратқа талдау жасайды;
  • Өз өкілеттіктері шегінде жобаның инвестициялық қажеттіліктерін айқындау бөлігінде Серіктестіктің бизнес-жоспарын жасауға қатысады;
  • Өз өкілеттіктері шегінде Жобаларды іске асыру мәселелері бойынша әлеуетті серіктестердің өкілдерімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, консультанттармен және басқа да контрагенттермен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Серіктестіктің басшылығы және ішкі актілерде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Талаптар:

  • Білімі: Экономика және / немесе қаржы саласындағы жоғары кәсіби білім.
  • Жұмыс өтілі: Кәсіби саладағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл
  • ҚР мұнай-газ-химия жобаларын іске асыруды және дамытуды айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқытық актілерін, сондай-ақ Серіктестіктің Жарғысын, Серіктестіктің қызметін реттейтін бұйрықтар мен ішкі құжаттарды білу;
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС) және басқарушылық есептіліктің қағидаттарын түсіну;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі (міндеттерді орындауына байланысты) және ағылшын тілін білуі құпталады;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің негіздері саласын білу;
  • Мамандануды және ұйым құрылымының ерекшеліктерін білу.
  • Инвестициялық талдауды ұйымдастыру және жобаларды мәмілеге дайындау процесін білу;
  • Ішкі тәртіп, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу.

 

Шарттар:

  • жұмыс уақыты 5/2
  • демалыс - 30 күн
  • мед.сақтандыру