Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік департаментінің қаржылық есептілік жөніндегі Менеджері

Акционерлік қоғамы "Samruk- Kazyna Construction" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
41

Қаралған саны:
1227

   Конкурс туралы
Білім профилі:
  • Жоғары кәсіби білім (бухгалтерлік есеп, аудит, экономика, қаржы).

Жұмыс тәжірибесі:

  • Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда мамандығы бойынша жұмыс өтілі (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 2 (екі) жыл;
  • Аудит департаментінде, аудиторлық ұйымдарда, «Биг 4» жұмыс тәжірибесі бар үміткерлерге артықшылық беріледі.

Білімі мен дағдылары:

  • ACCA (Association of Chartered Certified Accountant) немесе CPA (Certified Public Accountant) / CA (Chartered Аccountant) және/немесе Халықаралық Қаржылық есептілік дипломының (ДипИФР) бар болуы, немесе білім алу барысында (ACCA кәсіби біліктілігі бойынша білім алу барысында болса, кемінде F1-F4/F7 «Қаржылық есеп және есептілік» СРА немесе СА біліктілігі қағаздары бойынша тапсырылған емтихандардың болуы);
  • Ағылшын тілін білу;
  • Лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін білу, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімінің болуы.

Сапа, құзыреттілік:

  • Аналитикалық ақыл-ой жүйесі;
  • Ұйымдастыру қабілеттілігі;
  • Коммуникативтілік;
  • Жауапкершілік;
  • Нәтижеге бағдарлану;
  • Ұқыптылық;
  • Үздіксіз оқу және өзін-өзі дамыту;
  • Бастамашылдық.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • ХҚЕС талаптарына,  Акционердің нысандарына,  уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес Қоғамның қаржылық есептілігіне  ашып көрсетуді уақытылы және сапалы жасау және ұсыну, қаржылық есеп қолданушыларын салыстырмалы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • Топ іші және айналым қалдықтарының салыстыру актілерін уақытылы және сапалы жасау және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының компанияларымен келісу;
  • Қаржылық есептілікке ашып көрсетуді жасау кезінде, ХҚЕС талаптарына сай стандартты бақылау тізімін қолдану (тексеру тізімі); 
  • Акционердің нысандарына сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілікті SAP BO PC жүйесіне жүктеуді жүзеге асыру;
  • Қаржылық  есептілік және бухгалтерлік есеп деректері негізінде статистикалық есепті  уәкілетті орган бекіткен мерзімде құру және тапсыру;
  • Аудиторлық ұйыммен  қаржылық есептілік аудиті мәселелері бойынша жұмыс жасау, аудит процесіне қажетті ақпарат дайындау; 
  • Ережелер мен Жалғыз Акционердің ұсыныстарына сәйкес Қоғамның  жеке және шоғырландырылған қаржылық есептіліктерінің аудиті бойынша қызмет көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау процесіне қатысу; 
  • Банктік операциялар есебін жүргізу және оларды Қоғамның бухгалтерлік есептілігінде дұрыс көрсету, тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен уақытылы есеп айырысуды қадағалау;
  • Дебиторлық/кредиторлық мониторингін және басқа да қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді қарыздар мониторингін,  қаржы-шаруашылық қызметінің келісім-шарттары бойынша өзара есеп айырысу мониторингін  жүргізу;
  • Қоғамның қаржылық есептілігін  шоғырландыру  процесін пысықтауға, өзгертуге (жетілдіруге) қатысу;
  • Қоғамның есеп саясатын әзірлеуге және өзекті жай-күйінде сақтауға қатысу;
  • Қоғамның есеп беру кезеңін жабу және қаржылық есептілігін құру бойынша регламентті әзірлеу және өзекті жай-күйінде сақтау,  оларды белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз ету;
  • Топтың қызмет аясына кіретін мәселелер бойынша Қоғамның нормативтік-құқықтық және ішкі құжаттарды дайындауға/өзектендіруге қатысу;
  • Қоғам қызметкерлеріне және еншілес ұйымдарға  өз құзіреті шегінде әдістемелік  және тәжірибелік көмек көрсету.