Жалдау төлемдерінің мониторингі департаментінің Директоры

Акционерлік қоғамы "Samruk- Kazyna Construction" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
42

Қаралған саны:
1049

   Конкурс туралы
Білім профилі:
  • Жоғары экономикалық, қаржылық немесе құқықтық білім.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша (ЖОО-да оқу уақытын есептемегенде) жұмыс өтілі кемінде 7 (жеті) жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл.

Білімі мен дағдылары:

  • Қаржы-экономикалық модельдеу дағдылары;
  • Есептер мен аналитикалық жазбаларды қалыптастыру, презентациялық материалдар мен баяндамалар дайындау;
  • Инвестициялық жобалармен жұмыс істеу принциптерін білу;
  • Стратегиялық және орта мерзімді жоспарлау дағдылары және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тетіктері;
  • Лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім;
  • Басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылау, персоналды басқару, персонал жұмысының тиімділігін талдау және бағалау

Сапа, құзыреттілік:

  • Аналитикалық ақыл-ой жүйесі;
  • Жауапкершілік;
  • Нәтижеге бағдарлану;
  • Ұқыптылық;
  • Үздіксіз оқыту және өзін-өзі дамыту;
  • Бастамашылдық.
Негізгі функционалдық міндеттері:
  • Дартамент қызметі мәселелері бойынша қажетті құжаттаманы дайындау.
  • Департаменттің қызметін реттейтін нормативтік, құқықтық, әдістемелік және анықтамалық материалдарды әзірлеуді қамтамасыз ету.
  • Департаменттің ақпаратын дайындау және есептерін қалыптастыру.
  • Департамент мәселелері бойынша мүдделі тұлғаларға кеңес беру.
  • Төлемдерді есепке алу және мониторингтеу процесін, жалдау төлемдерін есепке алу жүйесін автоматтандыруды ұйымдастыру.
  • Департамент шеңберінде жұмыс топтарына, комиссияларға, келіссөздерге қатысу.
  • Жалға алушылардың мерзімі өткен берешегін төмендету бойынша іс-шаралар өткізу.
  • Төлемдердің уақтылы мониторингі мен есебін қамтамасыз ету.
  • Басшылықтың баяндамалары мен есептеріне материалдарды, оның ішінде презентациялық материалдарды дайындау.
  • Активтерді басқару бойынша талдау.
  • Департамент қызметкерлерінің бір жылға арналған мақсат карталарын дайындау және мақсаттарға қол жеткізуін бақылау.
  • Жалға алушылармен жұмысты ұйымдастыру.
  • Іске асырылған тәуекелдер бойынша есептерді ұсыну.
  • Ішінара мерзімінен бұрын өтеуді, толық мерзімінен бұрын сатып алуды, талап ету құқықтарын басқаға беруді бақылау.
  • Басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттесу.
  • Департаментке сеніп тапсырылған бизнес-процестер шеңберінде Департаменттің функцияларына сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау.
  • Департаменттің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін қолданыстағы заңнамаға, нормативтік актілерге сәйкес өзге де міндеттерді орындау.