Мұнай мен газ өндіру департаменті мұнай мен газ өндіру басқармасының мұнай мен газ өндіру секторының жетекші инженері (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
48

Қаралған саны:
984

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары техникалық/ инженерлік/мұнай-газ саласындағы білім;
  • МВА/басқа тиісті магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Мұнай өндіру, дайындау, мұнай, газ, конденсат жинау және тасымалдау саласында кем дегенде 4 жыл, оның ішінде  ЕТҰ-да кем дегенде 2 жыл.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:

  • Мемлекеттік және орыс тілдерін (еркін) жазбаша және ауызша, ағылшын тілін  (бастапқы деңгей) меңгеруі.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының мұнай-газ заңнамасы саласындағы («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңдарын білуі;
  • Мұнай өндіру саласындағы технологиялық процестерді, кен орындарында мұнай мен газ өндіру техникасы мен технологясын білуі;
  • Мұнай өндіруде қолданылатын химиялық реагенттерді пайдалануды және қолдануды білуі;
  • Мұнай мен газ саласындағы заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді,  өндірісте басқару экономикасы негіздерін, еңбек заңнамасы негіздерін білуі;
  • Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті және денсаулықты қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімдер;
  • ҚМГ қызметінің өңірлері мен өндіруші компанияларының ерекшелігін білуі; 
  • Офистік компьютерлік бағдарламаларды, байланыс пен коммуникация құралдарын пайдалану;
  • ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесі және ішкі бақылау жүйесі негіздері саласындағы;
  • Біріктірілген сапа менеджменті жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты даму, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы. 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • Командада жұмыс істеу және персоналды басқару дағдылары;
  • Стратегиялық, аналитикалық және жүйелік ойлау дағдылары және өз позициясын дәделді түрде қорғай алу.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • ЕТҰ-дан мұнай мен газ өндіру көлемі, мұнай мен газ өндіру кезіндегі қиындықтармен күрес, қаттық қысымды ұстап тұру үшін жұмыстық агентті айдау, ұңғымалардың механикаландырылған қоры жұмысының жөндеуаралық кезеңі, ұңғымаларды ағымдағы жөндеу, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар, жаңа техника мен технологиялар, жөндеу-іздестіру жұмыстары бөлігінде ақпаратты жинау және талдау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады және үйлестіреді;
  • Тәулік сайын ЕТҰ-дан өндіруші ұңғымаларды пайдалану, сұйықтықты, мұнай мен газды тәуліктік өндіру деңгейі, ұңғымаларды тоқтату, технологиялық қондырғылардағы апаттар, ПҚБ жүргізу себептерін есепке алу және тіркеу туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады, талдау жасайды, ЕТҰ-ға ұсыныстар мен ұсынымдар береді, тікелей басшыға ақпарат беруді жүзеге асырады; 
  • ЕТҰ-ның ұйымдастыру-техникалық және геология-техникалық  іс-шараларды орындауына жетекшілік етеді, мұнай мен газ өндіру бойынша жаңа технологияларды тартуды қадағалайды, бағалайды және бастама жасайды;
  • Бағалардың өзгеру үрдісін тексереді, зерттеу жүргізеді, талдау жасайды және жетекшілік ететін бағыты бойынша көрсеткіштерді жақсарту мақсатында шығындарды және мұнайдың өзіндік құнын төмендету, кірістілікті арттырудың анықталған мүмкіндіктері туралы басшылыққа ұсыныстар және ЕТҰ-ға ұсынымдар енгізеді. Мұнай өндіруші еншілес және бірлескен-бақыланатын компанияларда бизнес-процестер мен технологиялық процестердің тиімділігін арттыруға септігін тигізетін жұмысқа әкімшілік етеді шешімдер ұсынады;
  • Функционалы шеңберінде мұнай-газ өндіруші еншілес және бірлескен-бақыланатын компанияларға технологиялық процестерді жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен қорытындылар береді;
  • Ай сайын жүргізілген ҰТІ бойынша ақпарат жинауды ұйымдастырады, талдау жасайды, ауытқу себептерін зерттейді,  ЕТҰ-ға түзету іс-шаралары бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар береді, іс-шаралардың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады, тікелей басшыға аналитикалық ақпаратты ұсынады;
  • Мұнай мен газ дайындау және ІМГ кәдеге жарату жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігіне, ауытқу себептеріне тұрақты түрде бақылау жасайды және талдау жүргізеді, ЕТҰ-ға түзету іс-шаралары бойынша ұсыныстар береді; 
  • Жыл сайын, жыл ішінде түзетулер енгізген жағдайда, Компанияның және мұнай-газ өндіруші еншілес және бірлескен-бақыланатын компаниялардың стратегиясын жасағанда мұнай мен газ өндіру көлемі, ҚҚҰ, ЖАК, ҰАЖ, ПҚБ , жаңа техника мен технологиялар, ЖІЖ, кәсіпшілік химия үшін жұмыстық агентті айдау бөлігінде ұсынымдар әзірлейді. Функционалы шеңберінде Компанияның және мұнай-газ өндіруші еншілес және бірлескен бақыланатын компаниялардың стратегиясын келіседі;  
  • Бағалардың өзгеру үрдісіне талдау жасайды және бағалайды, мұнай-газ өндіруші еншілес және бірлескен бақыланатын компанияларға жетекшілік ететін бағыты бойынша көрсеткіштерді жақсарту мақсатында шығындарды және мұнайдың өзіндік құнын төмендету, кірістілікті арттыру бойынша ұсынымдар енгізеді. Мұнай-газ өндіруші еншілес және бірлескен-бақыланатын компанияларда бизнес-процестер мен технологиялық процестердің тиімділігін арттыруға септігін тигізетін жұмысты басқарады және шешім қабылдайды;
  • Қадағалау кеңесіне енгізілетін материалдарды қарайды, қорытындылар береді, функционалы шеңберінде материалдарды келіседі, Қадағалау кеңесінің отырыстарында дауыс беру кезінде шешім қабылдау мақсатында одан әрі Компания басшылығына беру үшін тікелей басшыға ұсынымдар қалыптастырады.

Кандидатқа қойылатын ұосымша талаптар (болған кезде):

  • Қазақша және орысша жазбаша жазу дағдыларын меңгеруі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр