Мұнай және газ өндіру департаменті мұнай және газ өндіру басқармасының энергетикалық қамтамасыз ету секторының жетекші инженері (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
29

Қаралған саны:
628

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары техникалық/инженерлік/ мұнай-газ білімі;
  • МВА/басқа лауазымның тиісті бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (жақсырақ).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Электр энергетикасы саласында кемінде 4 жыл, мұнай кәсіпшіліктерінде электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалану, оның ішінде ЕТҰ-да кемінде 3 жыл.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:

  • Мемлекеттік және орыс тілдерін (еркін) жазбаша және ауызша, меңгеруі.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы заңнамаларды білу («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «ҚР сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы»);
  • Мұнай өндіру саласындағы технологиялық процестерді, кен орындарында мұнай мен газ өндіру техникасы мен технологиясын білу;
  • Жабдықты жөндеуді ұйымдастыру бойынша нормативтік, әдістемелік материалдарды 
  • білу;
  • Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жоспарлы-алдын ала жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесін білу;
  • Мұнай және газ саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, өндірістегі басқару экономикасының негіздерін, еңбек заңнамасының негіздерін білу;
  • Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті және денсаулықты қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларын білу;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері салаларын білу;
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулық сақтаудың және еңбек қауіпсіздігінің интеграцияланған жүйесі салаларын білу;
  • Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласын білу;
  • Знания в области пожарной и экологической безопасности;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік салаларын білу;
  • Энергия менеджменті саласын білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • Командада жұмыс істеу және қызметкерлерді басқару дағдылары;
  • Стратегиялық, талдамалық және жүйелі ойлау дағдылары және өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу.
  • Кен орындарын жайластыру, кен орындарын игеру,мұнай-газ жобаларын игеруді оңтайландыру бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларын талдау дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • «Samruk Business Academy» ЖМ  еңбек қатынастары мәселелері бойынша өзара әрекет жасайды;
  • ЕТҰ өндірістік объектілерін электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуге жетекшілік етеді және бақылайды;
  • Электр энергетикасының тауарлары, жұмыстары және көрсетілетін қызметтері бөлігінде ақпаратты жинау және талдау жөніндегі жұмысқа жетекшілік етеді және бақылайды;
  • Электр энергетикасы объектілері жұмысының тиімділігіне, ауытқу себептерін ұдайы бақылайды және талдау жүргізеді, ЕТҰ-ға түзету іс-шаралары бойынша ұсыныстар береді;
  • Сараптамалық қорытынды мен түзету іс-шараларының ұсыныстарын бере отырып, электр желілері мен электр жабдықтарын техникалық дұрыс пайдалану мен уақтылы техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді (Тқкж) бақылауды жүзеге асырады;
  • Электр энергиясын ұтымды тұтынуды, энергетикалық объектілер жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есепке алу мен талдауды бақылауды жүзеге асырады;
  • ҚМГ ЕТҰ және "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-мен бірлесіп электрмен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ өндірістік-тұрмыстық жағдайларды жасау және жақсарту және сараптамалық қорытындылар бере отырып, жерүсті инфрақұрылымының ғимараттары мен құрылыстарын қауіпсіз пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
  • Аварияларды тергеп-тексеруге қатысу, авариялар және өзге де технологиялық бұзушылықтар туралы ақпарат жинау, авариялылықтың себептерін талдау. Электр энергетикасы объектілерінің техникалық жай-күйін бақылауға қатысу;
  • Жыл сайын және жыл ішінде түзетулер енгізілген жағдайда компания мен ЕТҰ стратегиясын құруда электр энергетикасының көлемі бөлігінде ұсынымдар әзірлейді. Функционал шеңберінде компания мен ЕТҰ стратегиясын келіседі;
  • ЕТҰ байқау кеңесіне шығарылатын материалдарды қарайды, қорытындылар береді, функционал шеңберінде материалдарды келіседі, Байқау кеңесінің отырыстарында дауыс беру кезінде шешімдер қабылдау мақсатында компания басшылығына одан әрі ұсыну үшін тікелей басшыға ұсынымдар қалыптастырады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр