Мұнай және газ өндіру департаменті мұнай және газ өндіру басқармасының жабдықтардың сенімділігі секторының жетекші инженері (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
719

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары техникалық/инженерлік/ мұнай-газ білімі;
  • МВА/басқа лауазымның тиісті бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (жақсырақ).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында кемінде 4 жыл, оның ішінде ЕТҰ-да кемінде 3 жыл.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:

  • Мемлекеттік және орыс тілдерін (еркін) жазбаша және ауызша, меңгеруі.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы заңнамаларын білу (ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңдарын білу);
  • Мұнай өндіру саласындағы технологиялық процестерді, кен орындарында мұнай мен газ өндіру техникасы мен технологиясын білу; 
  • Жабдықты жөндеуді ұйымдастыру бойынша нормативтік, әдістемелік материалдарды білу;
  • Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жоспарлы-алдын ала жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесін білу;
  • Мұнай және газ саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді,өндірістегі басқару экономикасының негіздерін, еңбек заңнамасының негіздерін білу;
  • Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті және денсаулықты қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларын білу;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері салаларын білу;
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулық сақтаудың және еңбек қауіпсіздігінің интеграцияланған жүйесі салаларын білу;
  • Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласын білу;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік салаларын білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • Командада жұмыс істеу және қызметкерлерді басқару дағдылары;
  • Стратегиялық, талдамалық және жүйелі ойлау дағдылары және өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білу.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • «Samruk Business Academy» ЖМ  еңбек қатынастары мәселелері бойынша өзара әрекет жасайды;
  • МКЖ мен АКжәнеАТ-ның қауіпсіз пайдаланылуын, сондай-ақ мақсаты мен пайдалану шарттарына байланысты ЕТҰ-ның жерүсті инфрақұрылымы объектілерінің жұмысын бақылайды және сенімділігін қамтамасыз етуге жауапты болады; 
  • ТҚКЖ тиімділігін, оның ішінде сараптамалық қорытынды мен түзету іс-шараларының ұсыныстарын бере отырып, МКЖ мен АКжәнеАТ-ның техникалық жай-күйін бағалауды бақылайды;
  • Сараптамалық қорытынды мен ұсынымдар бере отырып, МКЖ мен АКжәнеАТ-ның техникалық жай-күйін тексеруді қоса алғанда, Операциялық стратегияны, ТҚКЖ-ның өлшемшарттарының саралауын және басымдылығын бақылайды;
  • МКЖ мен АКжәнеАТ-ның сенімділігін арттыру бағдарламаларын жоспарлау бойынша жұмыстарға бақылау жүргізеді;
  • ТҚКЖ бағдарламалары мен жоспарлары, МКЖ мен АКжәнеАТ-ның техникалық жай-күйін тексеру бөлігінде барлық ЕТҰ-лардың өндірістік қызмет процесіне қатысады;
  • ТҚКЖ бойынша шешімдер қабылдау үшін олардың сенімділік көрсеткіштерін анықтау мақсатында МКЖ мен АКжәнеАТ-ның техникалық жай-күйін тексеру, істелген жұмыс пен істен шығу, іркілістер, тұрып қалу және диагностикалы деректер бойынша бағалау мен талдау жүргізеді;
  • Ұсыныстар мен ескертулер енгізе отырып, ЕТҰ МКЖ мен АКжәнеАТ -ға ТҚКЖ-ны жүзеге асыруға және пайдалануға қойылатын техникалық-технологиялық талаптарды айқындауға бағалау жүргізеді;
  • Сұйықтықтарды жинау және тасымалдау жүйесінің, жерүсті инфрақұрылымы объектілерінің, МКЖ мен АКжәнеАТ-ның жұмыс істеу тиімділігін бағалау процессі, бас тарту себептері және сараптамалық қорытынды мен оқиғаларды жою бойынша түзету іс-шараларының ұсыныстарын беруіне қатысады ;
  • Пайдалану және МКЖ мен АКжәнеАТ-ға ТҚКЖ мәселелері бойынша НТҚ, ережелерді, стандарттарды, регламенттер мен нұсқаулықтардың жобаларын қарау процесіне, ұсынымдармен, ескертулермен және ұсыныстармен сараптамалық қорытындыны келісуге және беруге қатысады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр