Қаржы департаменті қазынашылық басқармасының аға маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
80

Қаралған саны:
2403

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары қаржылық / экономикалық білім;
  • Лауазымның тиісті бейіні/менеджмент/экономика/қаржы/МВА/басқа бойынша магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл (мүмкіндігінше мұнай-газ компанияларында).

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл (мүмкіндігінше мұнай-газ компанияларында).

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар (меңгеру деңгейін көрсету, мысалы, В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) және т. б.:

  • В1 (қаз.), Advanced (ағыл.) (мүмкіндігінше).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнама саласында; 
  • Мұнай-газ саласындағы заңнама; 
  • Қазақстан Республикасының банк және валюта заңнамасы саласында; 
  • Экономика және қаржы, бизнес - жоспарлау процестері саласында; 
  • Қаржы институттарындағы қаржыландыру схемалары мен құрылымдары саласында; 
  • ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында; 
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында; 
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулық сақтаудың және еңбек қауіпсіздігінқамтамасыз етудің интеграцияланған жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі саласында.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Аналитикалық қабілеттерге ие болу; 
  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары; 
  • Командада жұмыс істеу дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Есеп айырысулар мен деректемелердің тәртібін тексеру мақсатында валюталық келісімшарттарды/шарттарды келіседі;
  • ҚМГ валюталық операциялары бойынша тіркеу куәліктері мен хабарламаларды алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды, тоқсан сайынғы есептілікті ұсынады;
  • ҚМГ кредиттік комитеті қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ кредиттік комитеті секторының функцияларын орындайды;
  • ҚМГ-ның кепіл саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, қарыз алушылардың өз міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асырады және ҚМГ-ның кредиттік қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында кредиттік досье қалыптастырады;
  • Есептілікті уақтылы ұсыну мақсатында кредиттік бюролармен өзара іс-қимыл жасайды;
  • ҚМГ міндеттемелерін өтеу мақсатында банктердің талаптарына сәйкес ҚМГ төлемдерінің тізілімін қалыптастырады және банктік төлем құжаттарын ресімдейді;
  • Төлемдер мен олар бойынша түсімдерді жүзеге асыру мүмкіндігі мақсатында қызмет көрсететін банктерде валюталық келісімшарттарды / шарттарды тіркейді;
  • Интернет-банкинг жүйесінде дұрыс есеп жүргізу және жұмыс істеу мүмкіндігі мақсатында анықтамалар, қағаз жеткізгіштердегі үзінді көшірмелер, электрондық цифрлық қолтаңба алу мәселелері бойынша қызмет көрсететін банктермен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдарды, анықтамаларды, хаттарды, сұрау салулар мен есептерді дайындайды және қазынашылық қызметіне қатысты ҚМГ басшылығының нұсқауларын орындайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр