Атом энергетикасы басқармасының жетекші инженері

"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
39

Қаралған саны:
2500

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Қызмет желісі: ядролық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженер.
  • Серіктестіктің, мемлекеттік органдардың және «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығына атом электр станцияларындағы ядролық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша материалдар дайындауға және ақпарат беруге қатысады;
  • Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті арттыру, қоршаған ортаны радиоактивті ластанудан қорғау жөніндегі жоспарлар мен шараларды әзірлейді;
  • Ядролық және радиациялық қауіпсіздік бөлігінде Серіктестіктің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысады;
  • Ядролық және радиациялық қауіпсіздік бөлігінде бекітілген жоспарларды, кестелерді, жол карталарын орындауға қатысады;
  • АЭС физикалық қорғау жүйесін салу, пайдалану, қайта құру және жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргізеді;
  • Ядролық және радиациялық қауіпсіздік тұрғысынан АЭС жабдықтарын өндірушілер мен жеткізушілердің материалдары негізінде талдауды және қорытындылар мен ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады;
  • Физикалық қорғау жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі туралы құжаттарды әзірлейді.

Талаптар:

  • Физика, ядролық реакторлар немесе атом энергетикасына ұқсас мамандықтар бойынша жоғары білім;
  • Өз саласы бойынша сертификаттардың болғаны дұрыс;
  • Ядролық қондырғыларда немесе ядролық, радиациялық, ядролық қауіпсіздікті және режимді қамтамасыз етуге байланысты ерекше сезімтал кәсіпорындарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Қолжетімділікті бақылауды және объектішілік бақылауды ұйымдастыру, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті жақсарту бойынша жоспарлар мен шараларды әзірлеу, қоршаған ортаны радиоактивті ластанудан қорғау және аналитикалық материалдарды дайындау бөлігінде атом өнеркәсібіндегі тәжірибе
  • Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңын, ядролық материалдарды есепке алу мен бақылаудың жай-күйін қадағалауды ұйымдастыру және оларды таратпауға кепілдіктер беру туралы жалпы ережелерді, тергеп-тексеру және есепке алу туралы ережені білу. АЭС-терді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар туралы, Ядролық материалдарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік және физикалық қорғау ережелері, Атом электр станцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері, радиациялық қауіпсіздік нормалары, атом электр станцияларын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін білу.

Қажетті қабілеттер

  • Оценка рисков и управление рисками
  • - Способность к саморазвитию, трансформации, изменениям
  • - Работа в команде
  • эффективные коммуникативные навыки
  • разработка внутренних нормативных документов

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)