Ұлттық жобаны іске асыру және өңірлік даму департаменті Жобалау және құрылыс басқармасының Жобалау бөлімінің маманы (7 ваканттық орын)

Акционерлік қоғамы "Samruk- Kazyna Construction" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
87

Қаралған саны:
1970

   Конкурс туралы

Міндеттері:

- бөлім құзыреті шеңберінде өз еңбек міндеттерін уақтылы және сапалы орындау;

- бастапқы құжаттар мен жобалық құжаттаманың жинақталуын тексеру;

- мамандануына және жобалық құжаттама түрлері бойынша жобаларды қабылдауға қатысу;

- бақылаушы, сараптамалық және қадағалау құрылымдарында және жобалау құжаттамасының түрлері бойынша келісуді сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

- мамандануына және жобалау құжаттамасының түрлері бойынша аяқталған жобалау жұмыстарын қабылдау бойынша мониторингті жүзеге асыру;

- орындалған жобалық жұмыстар мен авторлық қадағалау қызметтерінің актілерін қабылдау;

- кіріс хат-хабарларды қарау және олармен жұмыс істеу.

Талаптар:

  • жоғары техникалық білім;
  • лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандық бойынша жұмыс өтілі (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 3 (үш) жыл;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін жетік меңгеру;
  • лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу;
  • жобалық, сметалық, өзге де техникалық құжаттамамен жұмыс істей білу;
  • графикалық редакторлармен, мамандандырылған компьютерлік бағдарламалармен және жабдықтармен жұмыс істей білу;
  • берілген өкілеттіктер шеңберінде қолданыстағы нормативтер мен өзге де заңнамалық актілерді қолдану дағдылары;
  • жауапкершілік, орындаушылық, тәртіптілік, өздігінен және топта жұмыс істеу қабілеті.

Шарттар:

  • Мерзімі 1 жылдан кем емес Еңбек шарты;
  • Мақсаттық көрсеткіштерін орындауы үшін қосымша сыйақы төлем;
  • Көп тапсырма режимінде жұмыс жасау, тәулік бойы байланыста болу мүмкіндігі.