Персоналды бағалау жөніндегі менеджер

Samruk Business Academy Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
984

   Конкурс туралы

Білім бейіні:

  • * HR / психология / әлеуметтану / экономика / менеджмент саласындағы жоғары кәсіби білім.

Жұмыс тәжірибесі:

  • Адам ресурстарын басқару саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • "Құзыреттер бойынша сұхбат", "бағалау орталығы", "қабілет тесттері", "жеке және мотивациялық сауалнамалар" құралдарын қолданудағы тәжірибе;
  • Құзыреттілік және ассесмент-орталық бойынша сұхбат жүргізу сертификаттарының болғаны абзал.

Білім және дағдылар:

  • Персоналды бағалау құралдары мен әдістерін білу;
  • Жобаларды басқару негіздерін білу;
  • Әртүрлі ақпараттың үлкен көлемін талдау дағдылары, түйткілдерді бөліп көрсету, ақпараттың негізгі қырларына назар аудару;
  • Презентацияларды дайындау дағдылары;
  • Іскерлік қарым-қатынас дағдылары.

Сапа:

  • Клиентке бағыттаушылық;
  • Мән-жайға назар аудару;

Міндеттері:

  • Кандидаттардың құзыреттерін, білімі мен қабілеттерін бағалауды жүргізеді;
  • Әлеуетті және қолданыстағы Тапсырыс берушілермен қарым-қатынас орнатады;
  • Тапсырыс берушілер үшін қолданыстағы қызметтердің тұсаукесерін өткізеді;
  • Жоба бойынша ресурстарды жоспарлау және жұмыс көлемі, баға белгілеу, сметалық құжаттаманы және техникалық ерекшелікті дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • Шарт жобаларын жасайды, Тапсырыс берушілермен шарт талаптары мен мазмұнын келіседі;
  • Шартқа сәйкес жобаларды жүргізеді, Тапсырыс берушілермен қорытынды презентациялар және келіссөздер жүргізеді;
  • Тапсырыс берушілердің өзекті және сұранысқа ие қызметтерін ұсыну мақсатында нарықта көрсетілетін қызметтердің бағаларын ұқсас қызметтердің бағаларымен салыстырады;
  • Аналитикалық есептерді, презентацияларды қалыптастырады, мақалалар жазу бойынша жұмыс жүргізеді, техникалық тапсырмаларға, шарттық міндеттемелерге немесе аналитикалық ақпаратқа басқа қажеттілікке сәйкес зерттеулер жүргізеді;
  • Келіссөздер жүргізеді, өнім берушілерді іріктеуді, бағалауды қамтамасыз етеді, ынтымақтастық шарттарын келіседі;
  • Қызмет бағыттары бойынша тарифтерді әзірлеуді жүзеге асырады;
  • Сметалық құжаттаманы қалыптастырады, есептеулер жүргізеді және клиенттің ұсынған деректері негізінде баға ұсыныстарын дайындайды;
  • Қызметтер бойынша баға белгілеу жүйесіне талдау жүргізеді, өзгерістер қажеттілігін анықтайды, тарифтік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Қажетті қабілеттер

  • Оценка персонала
  • Проведение интервью по компетенциям
  • Организация и проведение ассессмент центра
  • Подготовка и проведение презентации
  • - Грамотная речь
  • Личностные опросники
  • Мотивационные опросники

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр