Теңіз кемелері бойынша нормалар мен стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі топ жетекшісі

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
951

   Конкурс туралы

Талаптар:

  • ағылшын тілін жетік білуі;
  • Лауазым иесінде болуға тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
  • лицензияланған аға теңізші - Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенция аясында өндірістік тәжірибесі мен жетекшілік ету дағдысы;
  • теңіз ғылымдары, теңіз тасымалы, теңіз кемелерін жобалау немесе іспеттес салада жоғары білімі;
  • теңіз операцияларын басқару, соның ішінде инспекциялау және сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша 6-8 жыл жұмыс тәжірибесі;
қосалқы сала бойынша ТҚ-2 ретінде кемінде 9 жыл жұмыс істеген тәжірибесі.

Міндеттері:

Компания меншігіндегі және жалға алынған теңіз кемелерін тексеру бағдарламасын үйлестіру;
  • ӨОД-ҚКЛ теңіз операциялары жөніндегі мердігерлерге арналған аудит және тексеріс жүргізу бағдарламасын үйлестіру;
  • техникалық топпен және ӨОД-ДЕҚОҚ бөлімімен өзара әрекеттесу және оларға тексеріс және аудит жүргізумен байланысты барлық талаптар жөнінде кеңес беру;
  • барлық кемелерге және мердігерлерге жүргізілетін аудиттер мен тексерістерге арналған тексеріс / аудит жүргізу тобына жетекшілік ету;
  • барлық теңіз операцияларына қатысты тексерістер мен аудиттерге арналған түзету шараларының тіркелімін әзірлеу және орындалуын қадағалау;
  • аудиттер мен тексерістер барлық қажетті мәселелерді қамтуы үшін кемелерге қатысты тексерістер мен аудиттерді жүргізуге арналған нысандарды өнеркәсіптік, ҚР, мемлекеттік туды пайдалану, класс және келісімшарт талаптарына сәйкес жүргізу. Бұндай аудиттер/тексерістер компания меншігіндегі және жалға алынатын теңіз кемелерінің әрдайым мемлекеттік туды пайдалануға, халықаралық заңдарға, ҚР заңдарына, кеме класына қатысты талаптарға және келісімшарт талаптарына сәйкес болуын және кемелердің өнеркәсіп стандарттары бойынша қауіпсіз жұмыс істеу әдістеріне сәйкес пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс;
  • кез келген жаңа кемелерді немесе баржаларды кен орнында пайдаланып бастар алдында тексеру жұмысына қатысу және қабылдауға қатысты кеңес беру;
  • келісімшартқа жауапты тұлғаның қызметін атқару;
  • кемелер мен баржаларға арналған тендерге қатысуға шақыруларды әзірлеу, жұмыс көлемін анықтау және техникалық бағалау жұмысын жүргізу;
  • жаңа тоннажға және қолданыстағы кемелерді жаңғыртуға қатысты функционалдық талаптар мен техникалық ерекшеліктерді анықтауға қатысу;
  • ӨОД-ҚКЛ бөлімі басқаратын компания меншігіндегі кеме флотына арналған барлық міндетті сертификациялау жұмыстарын тізілімін жүргізу;
  • компания меншігіндегі активтердің дер кезінде класы бойынша және міндетті сертификациялаудан өтуін қамтамасыз ету және барлық талаптарды, қажетінше, техникалық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету бөліміне хабарлау;
  • қажет болған кезде теңіз операцияларына / апаттық оқиғаларға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізу/қолдау көрсету;
  • ДЕҚОҚ бөлімінің мамандарына теңіз операцияларына қатысты кеңес/нұсқау беру және құтылып шығу, эвакуациялану және құтқару жұмыстарына қатысты қауіп түрлерін айқындау (HAZEER), қауіп түрлерін айқындау (HAZID) және т.б. жұмыстарға қатысу;
  • бөлімнің теңіз операцияларына қатысты техникалық құжаттама мен басқа да техникалық құжаттаманы анықтау;
  • компанияның теңіз операцияларына қатысты нұсқауының жобалары мен жаңартылымдарын тексеру;
  • теңізшілерге арналған хабарлама мен навигациялық ескерту әзірлеу процесіне қолдау көрсету;
  • компанияның теңіз операцияларына қатысты нұсқауын тарату және тарату тізілімін жүргізу жұмыстарын басқару;
  • халықаралық теңіз операцияларына қатысты заңның меншікке алу, мемлекеттік туды пайдалану, ішкі және халықаралық сауда, халықаралық теңіз ұйымының талаптары мен конвенциялары, классификациялау талаптары туралы біліктілікке ие болу;
  • қажет болған жағдайда, бұрғылау және өнім өндіру бөлімдеріне жалпы теңіз операциялары бойынша кеңес пен нұсқау беру;
  • департаменттермен логистика мәселелері жөнінде өзара әрекеттесу;
  • ТЖ жою тобының мүшесі ретінде теңіз логистикасына қатысты мәселелерді тұрақты негізде қамтып отыру.
  • қосалқы кәсіби бағытқа жауапты тұлға ретінде әрекет ету; осы қызметке қатысты міндеттері мен жауапкершіліктері персоналды басқару бөлімінің қағидалары арқылы анықталады, сонымен қатар стандартты біліктілік талаптарын әзірлеуді және бекітуді, сондай-ақ техникалық біліктілікті басқаруды қамтиды;
  • ДЕҚҚОҚ төңірегіндегі негізгі міндеттерді орындау немесе олардың орындалуын қолдайтын салалар бойынша ірі оқиғаға байланысты қауіп-қатерлерді басқаруға және оларды іс жүзінде орынды төмен деңгейге төмендетуге қажетті бақылау шараларын енгізу және олардың қолданылуын қамтамасыз ету;
  • ТҚ-1 нұсқауы бойынша Компанияның стандарттарын әзірлеуге және тексеруге жауапты тұлға ретінде әрекет етеді; қажетіне қарай функционалдық менеджерге Компанияның бекітілген стандарттарынан ауытқу жөнінде ұсыныс беруі мүмкін;
  • ақтық жобалық құжаттамаларды қабылдау бойынша техникалық аспектілердің сәйкестігіне көз жеткізу мақсатында ТҚ-1-мен тығыз қарым-қатынас жасау;
  • сала бойынша маңызды ақтық жобалық құжаттамаларды тексеру және бекіту;
  • мердігермен әзірленген маңызды ақтық жобалық құжаттаманы «НКОК Н.В.» компаниясы атынан қабылдау (сәйкестігін тексергеннен кейін);
  • «НКОК Н.В.» компаниясының қолдануы үшін таңдалған жобалау құралдарын ТҚ-1-мен бірлесе отырып бекіту;
  • мердігердің жұмыс көлемін жүзеге асыруға қажетті техникалық біліктілігін (тәжірибесін, персоналының біліктілігін, жабдықтарын т.б.) тексеру үшін тендерлік ұсыныстарды бағалау;
  • мердігердің ақтық жобалық құжаттамасын техникалық тексеру жұмыстарына қатысу;
  • сала бойынша мердігер персоналының кәсіби біліктілігін тексеру және бағалау;
  • «НКОК Н.В.» ішіндегі өз саласы бойынша мамандардың біліктілігін басқару.

Қажетті қабілеттер

  • морские операции
  • морские перевозки
  • навигация
  • техническая оценка судов
  • инспекция судов
  • морская логистика
  • капитан торгового судна