Келісімшарт жөніндегі менеджер (уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына)
«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Функционалдық бағыттар/лауазымдық міндеттер:
- Келісімшарттық әкімшілендіру (сатып алу рәсімдеріне қатысу, SAP КСО келісімшарттарын жасасу және сүйемелдеу);
- «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) мен «САП Қазақстан» ЖШС арасында жасалған Бағдарламалық қамтылымды сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді пайдалану және көрсету құқықтарын беру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) шеңберінде шарттық қызметті қамтамасыз ету;
- «СҚ Бизнес Сервис» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) мен Қор арасында жасалған SAP бағдарламалық қамтылымға арналған лицензияларды сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – СБШ) шеңберінде шарттық қызметті қамтамасыз ету;
- СБШ шеңберінде Келісімнің талаптарын барынша сақтау үшін Қордың портфельдік компанияларымен шарттар жасасуды/орындауды/сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
- Келісім шеңберінде Қордың портфельдік компанияларымен, сондай-ақ СБШ шеңберінде Қормен өзара іс-қимыл.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Бизнес және басқару/құқық/ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім/аралас мамандықтар.
- Жобаларды басқару бойынша сертификаттардың болуы, сондай-ақ бағдарламалық қамтылымның негізгі өнім берушілерінің өнімдерін білуін растайтын сертификаттардың болуы құпталады.
- Шарттарды әкімшілендіруге байланысты салада кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесін қоса алғанда, жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл. SAP жобаларын іске асыруға қатысу тәжірибесі құпталады.
Заңнама және нормативтік құқықтық актілер, арнайы және мамандандырылған білім:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (мәмілелер жасасу бөлігінде);
- «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;
- Қордың сатып алу қызметі процесін білу;
- лицензияларды жалға беру кезінде SAP ақпараттық жүйелерінің функционалдылығын білу;
- техникалық қолдау қызметтеріне шарттар жасасу кезінде SAP лицензияларын техникалық қолдау рәсімдерін білу.
Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):
- ішкі және сыртқы (ауызша, жазбаша, визуалды) қарым-қатынастың және тиімді тұлғааралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі;
- MS Office тәжірибелі пайдаланушысы (әсіресе MS Excel);
- қатысушылардың әртүрлі деңгейлері үшін іс-шаралар өткізе алу;
- СЕО-1 дейінгі кез келген деңгейде контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау дағдылары;
- ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
- іскерлік хат алмасу дағдылары, келіссөздер жүргізу дағдылары;
- өкілеттіктер шеңберінде дербес және жедел шешім қабылдай білу;
- Серіктестіктің мүдделерін білдіру мақсатында келіссөздер процестеріне қатысу дағдылары.
Құзыреттер (жеке):
- нәтижеге бағдарлану;
- жауапкершілік;
- командада жұмыс істей алу;
- коммуникация дағдылары;
- өзгерістерді басқару.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
(Нұрсұлтан ст.) техникалық қызмет көрсету бөлімінің электрикі
АО "Қазтеміртранс" | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.02.2025 | 81
от 307693

Бақылау-ұйымдастыру жұмысы және сыртқы байланыстар департаментің әкімшілік жұмыс басқармасының аға маманы (аутстаффинг)
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.02.2025 | 319
«Қазтемiртранс» АҚ Ақмола филиалы вагон паркі (Нұр - сұлтан ст.) бөлімінің жетекші инженер-технологы
АО "Қазтеміртранс" | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
18.02.2025 | 36
от 362178