"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Магистральдық желі дирекциясы"филиалының магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі өндірістік - техникалық бөлімінің жолдың жоғарғы құрылысының материалдарын жинақтаудың өндірістік базасы учаскесінің шебері

от 308395
Павлодарская дистанция пути Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
295

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1Қоймаға қабылдауды, әртүрлі материалдық құндылықтарды өлшеуді, сақтауды және қоймадан беруді жүзеге асырады, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларын сақтауды, белгіленген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді.
2Талаптарға сәйкес әр түрлі материалдық құндылықтарды қоймадан беруді жүзеге асырады. 
3Қоймадан материалдарды беруді жүзеге асыру кезінде материалдарды тасымалдауға арналған ілеспе құжаттарды ресімдеу.
4Қабылданатын құндылықтардың ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексереді.
5Жүктерді тиеу, түсіру және оларды қойма ішіне орналастыру бойынша жұмысты басқарады.

Біліктілік талаптары:

Білімі: Жоғары кәсіптік (техникалық), орта кәсіптік (техникалық).

  1. Мамандығы: «Темір жолдар құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Темір жолдар құрылысы және пайдалану», Көліктік құрылыс; Көлік, көліктік техника және технологиялары (Көтергіш-көліктік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары).
  2. Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша немесе орта кәсіптік техникалық білімі бар мамандармен алмастырылатын инженерлік-техникалық лауазымдарда 3 жылдан кем емес;

Қосымша талаптар:

  • еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;
  • осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген еңбек міндеттерін сапалы және уақытылы орындау;
  • құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарларын орындау;
  • басшылықтың тапсырмаларын орындау;
  • қызметтік құжаттарды қарау мен шешімдерді қабылдау кезінде, сонымен қатар, олар бойынша Қоғамның, Дирекцияның, Филиалдың жергілікті актілерінде белгіленген мерзімде қажетті шараларды қолдануда бюрократизмнің туындауына жол бермеу;
  • Қоғамның, Дирекцияның, Филиалдың беделі мен имиджін нығайтуға жәрдемдесу;
жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен белгіленген іскерлік этика және корпоративтік мәдениет нормаларын сақтау;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр