Электромеханик (радиосвязи )
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Бақылаудың бірінші кезеңін өткізу, еңбекті қорғау күндеріне , көктемгі және күзгі дистанциялық тексерулерге қатысу.Аппаратураны бастапқы өңдеумен, ток өткізетін бөліктерді өзара және корпусқа қатысты ашу, тазалау, оқшаулауды өлшеумен айналысады.
Толық жөнделген және реттелген құрылғылардың механикалық және электрлік ТУ сипаттамаларына сәйкестігін тексеру.
Басшылықтан тиісті рұқсат алмайынша, кепілдік мерзімі ішінде жұмыс істемейтін құрылғыларды ашуға болмайды;
Жеке қорғау құралдарының болуын және пайдаланылуын , жұмыс киімін, қауіпсіздік аяқ киімін және басқа да жеке қорғану құралдарын сақтау, беру және сынау ережелерінің сақталуын тексеру.
Құрылғылардың техникалық жай-күйінің нормалары бұзылған немесе ауытқулар анықталған жағдайда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін сақтай отырып, оларды мүмкіндігінше тезірек жою жөнінде шаралар қабылдауға;
Тек бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес қызмет көрсетілетін құрылғыларға өзгертулер енгізу жұмыстарын жүргізу
Теориялық және практикалық қызмет көрсетілетін құрылғыларды және жұмыс ережелерін білу, сонымен қатарқұрылғы параматетрлерін өлшей және реттей алу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу дағдыларының болуы; жүйелі түрде білім деңгейін көтеру, өз тәжірибесімен және білімімен қарамағындағы қызметкерлермен бөлісу.
Қорғаныс құралдарын ауыстыру жиілігін білу және оларды уақытылы тексеру;
Құрылғылардың дұрыс техникалық жай-күйінің нормаларынан ауытқулар немесе ақаулар анықталған жағдайда, оларды мүмкіндігінше тезірек жоюға шаралар қабылдауға , қызмет көрсетілетін аймақта олардың қайталануын болдырмау үшін ақаулықтардың себептерін анықтауға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыс ережелерін сақтауға. Өзі ақауды табалмаған жағдайда байланыс диспетчеріне жедел хабарлауға, нәтижесін журналға жазуға міндетті.
Радиобайланыс, ПСГО, ОПС, МСР құрылғыларын күтудің жылдық және төрт апаталық кестесі бойынша жұмысты жоспарлау.
Байланыс құрылғыларының жағдайындағы және есептерде, радиобайланыс, ПСГО, ОПС, МСР журналдарында белгіленген кемшіліктерді дер кезінде жоюды
ұйымдастырады және практикалық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, сенімділікті арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу және байланыс құрылғыларының жұмысындағы ақаулардың қайталануын жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру.
Қысқы еңбек жағдайына өз бекітілген телімінде құрылғыларды уақытылы және сапалы дайындау;
Қызмет көрсетілетін құрылғылардың техникалық құжаттамасы болуы, оларды ретке келтіру және қолданыстағы құрылғылардың радиобайланыс, ПСГО, ОПС және МСР бекітілген құжаттамаларына сәйкестігін қамтамасыз ету;
ШУ-2 Журналында көрсетілген комиссиялы, жеке тексерістер нәтижесінде анықталған жетіспеушіліктерді электрмонтердің уақытылы және сапалы орындауына бақылау жүргізу;
Жұмысшылармен бірігіп, радиобайланыс, ПСГО, ОПС және МСР құрылғыларына алдын алу жұмыстарын жүргізу.
темір жол көлігін басқару саласы бойынша жалпы талаптарды білу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғарғы (және )
- Мамандығы: Темір жол саласындағы автоматизация және басқару; Темір жол саласындағы радиотехника, электроника және телекоммуникация, темір жол саласындағы автоматика, телемеханика және басқару.
Қосымша талаптар:
темір жол көлігін басқару саласы бойынша жалпы талаптарды білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж