Шымкент магистралды желі бөлімшесінің Шымкент сигнализация және байланыс дистанциясының СОБ электромонтері

255165 - 271814
Шымкентская дистанция сигнализации и связи Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
206

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1өзінің құзіретінің шегінде, күтімге алатын теміржол телімінің шекарасы бойынша поездардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
2..техникалық күтімге алудың бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес СОБ құрылғыларын күтімге алу және жөндеу бойынша жұмыстарды орындайды, СОБ құрылғыларының пломбасын ашуды және ажыратуды талап етпейтін істен шығуларды жояды. Өздігімен істен шығуды жою мүмкін болмағанда электромеханикті хабардар етеді, ал ол болмаған жағдайда аға электромеханикке немесе сигнализация және байланыс дистанциясының диспетчеріне хабар береді. Егер істен шығуды жою барысында пломбыланған жекеленген құрылғыларды (құрал) ажырату немесе ашу қажеттілігі анықталған жағдай орын алғанда, онда электромеханиктің (аға электромеханик) немесе сигнализация және байланыс дистанциясының диспетчерінің рұқсаты бойынша, электромонтер Тексеру журналына пломбаны алуға рұқсат берген қызметкердің лауазымын және аты-жөнін, пломбаны алудың себебін жазады, содан кейін ғана теміржол станциясының кезекшісінің келісімімен, ол Тексеру журналына электромонтердің жазбасының астына қол қойып растағаннан кейін СОБ құрылғыларын ашуға және істен шығуды жоюға кіріседі. 7-8 разрядты электромонтерлар сигнализация және байланыс дистанциясы бастығының шешімі бойынша жеке нөмірі жазылған пломба салу тискісі бар болуы мүмкін. Электро-механиктердің ауысымдық жұмыс режимі бекітілген теміржол станцияларындаэлектромонтерларға пломба салу тискісі берілмейді. Пломба салу тискілері болмаған жағдайда электромонтер СОБ электромеханигі келгенге дейін пломбасы ашылған СОБ құрылғысының қасында болуы керек. СОБ құрылғыларының барлық істен шығуы туралы электромонтер сигнализация және байланыс дистанциясының диспетчеріне және электромеханикке, ал ол болмағанда аға электромеханикке баяндайды.         
3.арнайы бригадалармен несесе құрылыс бригадаларымен, құрылыс ұйымдарымен, өзінің телімінде жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілу технологиясының сақталуын және сапалылығын бақылауға алады.
4.күтімге алынатын СОБ құрылғыларының жұмысына әсерін тигізуі мүмкін әрбір төтенше жағдайлардан кейін (найзағай, тайғақ, су тасқыны және де т.б.) электромеханиктің нұсқауы бойынша СОБ құрылғыларына кезектен тыс тексеру жүргізеді және пайда болған бұзушылықтарды жояды :
5.Басқа қызметтердің жұмысшаларын тартуды талап ететін істен шығуларды анықтаған жағдайда Тексеру журналына (ДУ-46) жазады;
6.жабдықтардың, қажетті құралдардың, материалдардың, қажетті бөлшектердің, саймандардың сақталуын және жұмысқа жарамдылығын қаматамыз етеді, сонымен қатар техникалық құжаттардың;
7.тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етеді, теміржол көлігі нысандарынан жүктердің және материалдық құндылықтардың ұрлануы орын алған жағдайда тез арада байланыс диспетчерін хабардар етеді;
8.басқару аппаратарындағы пломбаның бар болуына тексеру жүргізеді және олардағы белгі іздерінің сәйкес болуына, пломбылар жоқ болған жағдайдатеміржол станциясының кезекшісімен бірлесіп пломбаның шешілу себебін анықтайды, Тексеру журналына сәйкес жазбаны жазады, оны теміржол станциясының

Біліктілік талаптары:

      1.Білімі: орта (техникалық  және кәсіпти); орта және бекітілген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.

  1. Мамандығы: Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс. Байланыс желісі және коммуникациялар жүйесі. Радиоэлектроника және байланыс.
  2. Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)