«KTZ Express» АҚ маркетинг және сыртқы байланыстар бөлімінің маркетинг тобының менеджері (15 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
32

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
Қоғамның өндірістік көрсеткіштерінің динамикасының көрсеткіштерін бағалау, Қоғамның әрбір қызмет түрі бойынша қызметін сипаттайтын, көлемі, кірісі бойынша алынған нәтижелермен жоспарланған мәліметтерді салыстырады;
Бәсекелестердің алатын нарық үлесін есептейді және бәсекенің қарқындылығы мен бағытын сипаттайды (бәсекелестік артықшылықты бағалайды);
Қоғам ұсынатын қызметтерге тұтынушылардың қанағаттану деңгейіне талдау жүргізу;
Басқарманың аналитикалық қызметі бойынша Қоғам қызметінің көрсеткіштері бойынша маркетингтік статистикалық мәліметтер базасын қалыптастыру;
Қоғамның әлеуетті жеткізушілері мен қосалқы мердігерлерін анықтау мақсатында логистикалық қызметтер нарығына талдау жүргізу;
Әлеуетті қосалқы мердігерлер мен логистикалық қызмет көрсетушілердің тізімін қалыптастыру;
Қосалқы мердігерлер мен логистикалық қызметтерді жеткізушілер ұсынатын қызметтердің артықшылықтарын анықтау үшін нарық жағдайына маркетингтік зерттеулер жүргізу;
Бағыт, жүктердің негізгі номенклатурасы, қызметтерді тұтынушылар контекстінде Қоғамның жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау динамикасына әсер ететін факторлардың мониторингін және талдауын жүргізу;
ҚХР-Еуропа-ҚХР бағыты бойынша Қоғамның транзиттік контейнерлік тасымалына талдау жүргізу, қызмет көрсету көлемінің өзгеру динамикасын анықтау, осы бағыттағы көлемдерді ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстанның транзиттік дәліздерімен бәсекелесетін Қиыр Шығыс порттары мен құрлық өткелдері арқылы транзиттік контейнерлік тасымалдауға талдау жүргізу;
Құрылымдық бөлімшенің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді анықтауды, сипаттауды және бағалауды, тәуекелдер картасын және тәуекелдерді басқару үшін қажетті басқа да құжаттарды уақтылы жаңартуды қамтамасыз етеді;
-Маркетинг және сыртқы байланыстар бөліміндегі сұраныстарға жазбаша жауаптар береді
Құрылымдық бөлімшенің өкілеттіктері мен міндеттері шегінде тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды/бақылау рәсімдерін әзірлеуді және енгізуді, шаралардың/бақылау рәсімдерінің тиімділігін талдауды және оларды жетілдіруді қамтамасыз етеді;
Құрылымдық бөлімшенің құзыреті мен жауапкершілігі шегінде тәуекелдерге мониторингті жүзеге асырады, олардың тәуекелдердің рұқсат етілген деңгейінен ауытқу себептерін анықтайды, мүдделі тараптарды тәуекелдердің жоғары деңгейі туралы хабардар етеді;
Құрылымдық бөлімшенің өкілеттіктері мен міндеттері шеңберінде іске асырылған тәуекелдер туралы дерекқорды жүргізеді/жаңартады;
Аймақтар бойынша анықтамалық-аналитикалық базаны қалыптастырады: ЕО, ТМД, Таяу Шығыс, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Корея, Жапония, АҚШ, Африка континентінің елдері (Таяу Шығыстан басқа) және т.б.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Мамандығы: Маркетинг, бизнесті басқару, логистика, экономика, менеджмент, қаржы, көлік, көлік техникасы мен технологиясы, тасымалдауды ұйымдастыру, тасымалдау және көлікті пайдалану
Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласында кемінде 2 жыл 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы