"Энергоинформ" АҚ Қарағанды филиалы телекоммуникация бөлімінің магистралдық байланыс желілері тобының инженері
Энергоинформ Жезқазған қ.Міндеттері:
-
1) телекоммуникациялық желінің жабдықтарын жедел және жоспарлы қызмет көрсету, профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бекітілген жабдықтарды тексеру: автоматты телефон станцияларын, автоматты коммутация құрылғыларын, байланыс арналарындағы соңғы жабдықтарды, кепілдендірілген электрмен жабдықтау жүйелерін қызмет көрсету;
2) телекоммуникация құралдарының зақымдануын жедел анықтау және жою шараларына тікелей қатысу;
3) бекітілген жабдыққа техникалық құжаттаманы рәсімдеу (схемалар, паспорттар, журналдар, нұсқаулықтар және т.б.);
4) жаңа енгізілген жүйелік және аралық байланыс арналарын, кабельдік және ауа байланыс желілерін монтаждау, баптау және сынақтан өткізуге қатысу;
5) Филиалдың өндірістік бөлімшелеріне және персоналға өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық көмек көрсету;
6) телекоммуникация құралдарының техникалық пайдалану деңгейін көтеру бойынша шараларды әзірлеуге қатысу;
7) Филиалдың айлық және жылдық жұмыс жоспарларын құрастыруға, жабдықтарды пайдалану үшін қажетті запчастьтер, материалдар, арнайы құралдарға өтінімдер дайындауға қатысу;
8) диспетчерлік байланыс арналарын және телемеханика арналарын қалпына келтіру шараларын бірінші кезекте қабылдау;
9) телекоммуникация жабдықтарында кез келген уақытта, демалыс және мереке күндерінде авариялық жұмыстар жүргізу (артық жұмыс, түнгі уақытта және демалыс күндерінде жұмыс істеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексіне сәйкес реттеледі);
10) Қоғамның Жарғысында көзделген қызмет түрлеріне сәйкес жабдықтар мен аппараттарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
11) жеке қорғаныс құралдарының, баспалдақтардың уақтылы сынақтан өтуін бақылау;
12) қорғау құралдарының, баспалдақтардың есебін жүргізу, сынақ хаттамаларымен және журналда тіркеумен.
Талаптар:
-
Төменде көрсетілгендердің кез келгені:
- Жоғары жиілікті байланыс жабдықтарын қызмет көрсету тәжірибесі;
- АТС қызмет көрсету тәжірибесі;
- ЗССС қызмет көрсету тәжірибесі;
- кепілдендірілген қуат жүйелерін (ИБП, ДГУ) қызмет көрсету тәжірибесі.
Шарттар:
- ПК-да жұмыс, офис техникасымен жұмыс істеу, MS Office (Access, Excel, Power Point, Word, WordPad, Visio) базалық бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары, электрондық хат алмасу бағдарламалары (Outlook Express), әртүрлі интернет-браузерлермен жұмыс істеу.
- Филиал басшылығының тапсырмасы бойынша құзырет шегінде тараптарға қызмет көрсету және қызметтер көрсету.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)