Комплаенс қызметінің комплаенс офицері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
75

Қаралған саны:
1917

   Конкурс туралы
Қызметтік міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық тәжірибеге тұрақты мониторинг жүргізу және реттеушілік орта өзгерген жағдайда Самұрық-Энерго компаниялары тобының қызметі үшін салдарларды айқындау;

2) Қоғам үшін тәуекелдер комплаенсіне бағалау жүргізу әдіснамасын өзектендіру мен енгізуге қатысу. Қоғамның негізгі бизнес процестерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырағыштығын бағалауға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі реттеуші органымен де бірлесіп қатысады. Комплаенс тәуекелдерін бағалау туралы есепті және оларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауға қатысады. Комплаенс тәуекелдерді бағалау нәтижелері туралы ақпаратты жария ашуды қамтамасыз етеді;

3) Қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Мінез-құлық кодексін өзектендіруді қоса алғанда, саясаттарды, регламенттер мен рәсімдерді әзірлеуге қатысу;

4) Қоғам үшін үшінші тұлғаларға кешенді тексеру жүргізу әдіснамасын өзектендіруге және енгізуге қатысу. Қоғам үшін үшінші тұлғаларды тексерудің автоматтандырылған жүйесін тестілеуге және енгізуге қатысады;

5) Қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі саясаттарды, Комплаенс рәсімдерін және сыртқы реттеушілік талаптарды бұзу мәселелеріне қатысты бастамашылық ақпараттандыру саясатын әзірлеуге қатысу;

6) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері үшін заманауи коммуникациялар мен консультацияларға қатысу, проактивтілік қағидатын ұстану, компаниялардың саясаттары мен стандарттарының енгізілуін бақылау; қажеттілігіне қарай комплаенс бағыттары бойынша оқыту курстарын жүргізеді;

7) этика және комплаенс стандарттары мен қағидаттарына сәйкестікке мониторинг рәсімін, сондай-ақ жауапты департаменттер мен ЕТҰ-дан (операциялық бизнес процестер иелерінен) тұрақты есептер жинақтау процесін бақылайды;

8) алынған шағым, ақпарат немесе мониторинг нәтижелері негізінде Тергеу комитетінің жұмысын ұйымдастыру (мынадай бағыттардың өкілдері; ішкі аудит, тәуекелдер және ішкі бақылау, құқықтық сүйемелдеу, омбудсмен, қауіпсіздік, адам ресурстарын басқару және т. б.); жанжалды реттеу үшін шаралар толық аяқталғанға және қабылданғанға дейін тергеп-тексеру процесін үйлестіруге қатысады; қызмет нәтижелері бойынша басшылыққа есептілік дайындайды;

9) заңсыз алынған кірістерді заңдастыру тәуекеліне неғұрлым сезімтал өнімдерді, қызметтерді, клиенттерді, үшінші тараптар мен өңірлерді анықтауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді бағалауды жүргізуге қатысу. Заңсыз кірістерді заңдастырудың ықтимал жағдайларын анықтайтын тәуекелдерді кешенді тексеру бағдарламасын енгізуге қатысады (клиенттермен, жеткізушілермен, үшінші тараптармен және үлестес тұлғалармен өзара іс-қимыл барысында). Басшылық пен қызметкерлерді олардың хабардар болуын және олардың заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы талаптарды сақтауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақты оқытуды жүргізуге қатысады. Заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы талаптардың сақталуына ішкі және сыртқы аудиттің тұрақты жүргізілуін ұйымдастыруға қатысады;

10) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;

11) этика және комплаенске қатысты мәселелерді шешу үшін қоғамның түрлі департаменттерімен, оның ішінде «Құқықтық қамтамасыз ету» департаментімен, «Тәуекел менеджменті және Ішкі бақылау» департаментімен, Ішкі аудит қызметімен, «Қауіпсіздік» департаментімен белсенді өзара іс-қимыл жасау.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • жоғары заңгерлік немесе экономикалық білім.

-мүмкіндігінше бизнес-менеджмент, экономика, қаржы немесе құқықтану саласында магистр немесе PhD дәрежесінің болуы

- мүмкіндігінше халықаралық аккредитациясы бар бағдарлама бойынша MBA дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы

- энергетика саласында жұмыс тәжірибесінің болғаны дұрыс;

-энергетикада маманданатын экономиканың нақты секторында инвестицияларды жүзеге асыратын ірі инвестициялық қорда және/немесе экономиканың нақты секторында белсенді ірі холдингтік компанияда және/немесе тау-кен өндіру немесе қайта өңдеу өнеркәсібінде және/немесе энергетикада және/немесе машина жасауда және/немесе көлік-логистика саласында мамандандырылған ірі компанияда 5 жылдан астам жұмыс тәжірибесі,

-оның ішінде комплаенс саласында кемінде 3 жыл (егер комплаенс функцияларын арнайы комплаенс қызметі болмаған кезде ішкі бақылау, тәуекел-менеджмент, заңгерлік сүйемелдеу бөлімшелерін қоса алғанда, осындай бөлімшелер орындаса)

комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеудегі, сондай-ақ комплаенс-рәсімдер шеңберінде бизнес-процестер мониторингі бойынша іс-шараларды жүргізудегі, тергеп-тексеру жүргізудегі, этика және комплаенс саласында есептілікті қалыптастырудағы, холдингтік компанияларда корпоративтік мәдениетті құрудағы тәжірибесі мен дағдылары

- Қазақстан Республикасының заңнамасын өте жақсы білу

- Қоғамның бизнес және коммерциялық қызметін жақсы түсіну

- өзгерістерді басқару шеңберіндегі мінез-құлық дағдылары: ішкі және сыртқы (ауызша, жазбаша, көрнекі) қарым-қатынастың жоғары деңгейі және тиімді тұлғааралық өзара іс-қимыл, келіссөздер жүргізу дағдылары

-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру, экстро-аумақтық юрисдикциясы бар шет мемлекеттердің халықаралық санкциялар мен шет мемлекеттердің санкцияларын қоса алғанда, комплаенс саласындағы халықаралық практикалар мен стандарттарды жақсы білу.

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және экологиялық қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын білу;

Қажетті қабілеттер

  • Отличное знание законодательства Республики Казахстан
  • Хорошее понимание бизнеса и коммерческой деятельности Общества
  • знание правил и норм безопасности и охраны труда, пожарной и экологической безопасности

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман