«АЖК» АҚ Жедел-диспетчерлік басқарманың режимдер қызметі электр режимдері бөлімінің электр режимдері жөніндегі бас маманы бос лауазымына (д/демалыс кезіндегі уақытша лауазым)

Жалақы көрсетілмеген
АО «Алатау Жарық Компаниясы» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
1114

   Конкурс туралы

Талаптар:

жоғары кәсіби білімі және 3 жыл жұмыс өтілі, есептеу техникасында ақпаратты өңдеу әдістерін білуі керек, электр қауіпсіздігі бойынша тобы 2- (екінші) топтан төмен болмауы  тиіс.

Функционалдық міндеттері:

1) графикалық құжаттарды («АЖК» АҚ желісінің және оның бөлімшелерінің негізгі схемасын, «АЖК» АҚ-ның 35/110/220кВ-тық электр желілері үшін станциялар мен қосалқы станцияларды қосу схемаларын, топографиялық байланыстыруды ескере отырып, электр желілерінің карта-схемаларын) әзірлейді, жасайды және орындайды.

2) «АНАРЭС-2000» бағдарламасында жұмыс істеу үшін деректер базалары мен схемаларын жасайды.

3) «АЖК» АҚ және Алматы энергожүйесі қосалқы станцияларының схемаларын түзету және нақтылау мәселелері бойынша «АЖК» АҚ, ААДО, ЖО ҰДО, "КЕGOС" АҚ құрылымдық бөлімшелерімен хат алмасулар жүргізеді.

4) Белгіленген режимдерді есептеу үшін «АЖК» АҚ 35/110/220кВ электр желілерін ауыстыру схемасын жасайды.

5) «АЖК» АҚ 35/110/220 кВ желі параметрлерін дайындайды және есептейді.

6) «АЖК» АҚ және оның бөлімшелері желісінің негізгі схемасы үшін станциялар мен қосалқы станцияларды қосу схемаларын әзірлейді және орындайды.

7) «АЖК» АҚ объектілерінің қалыпты бір желілік схемасын әзірлейді.

8) Жалпы топографиялық байланыстыруды ескере отырып, «АЖК» АҚ мен Алматы энергия жүйесінің 35 кВ және одан жоғары электр желілерінің карта-схемасын әзірлейді.

9) «АлЭС» АҚ станцияларының және «АЖК» АҚ қосалқы станцияларының күштік трансформаторларын тиеу бойынша бақылаушы жүйелік өлшемдерінің нәтижелерін өңдейді. Кернеу кластары бойынша күштік трансформаторларды жүктеу кестесін жасайды.