«Активтерді қайта құру және Сату» департаментінің Бас менеджері

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
53

Қаралған саны:
1194

   Конкурс туралы
Қызметтік міндеттері:
  1. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі - Қоғам) департаменттің бас менеджері жетекшілік ететін активтерін сатумен, сатып алумен, иелену құрылымын өзгертумен, және Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарын (бұдан әрі - ЕТҰ) қайта ұйымдастыру/таратумен, сондай-ақ жаңа заңды тұлғаларды құруға байланысты жүктелген іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыру;
  2. тәуелсіз консультанттарды/бағалаушыларды тарта отырып, Қоғам Активтерінің құнын бағалау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
  3. Департамент директорының тапсырмалары бойынша Департамент құзыреті шеңберіндегі сатып алу мәселелеріне қатысты барлық рәсімдерді жүргізу;
  4. активтерді бағалау мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен және сыртқы контрагенттермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  5. ЕТҰ-лардағы Қоғамға тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқаруға, оның ішінде ЕТҰ-ны қайта құрылымдау мен таратуға қатысты іс-шараларды жүргізу;
  6. Активтердің сатылуына қатысты іс-шаралар жоспарларының орындалуына және уақтылы өзектіленуіне мониторинг жүргізу;
  7. Активтерді жекешелендіру, қайта құрылымдау бойынша ақпараттық анықтаманы дайындау мен ұсынуды жүзеге асыру;
  8. жетекшілік ететін шарт талаптарының орындалуын жүзеге асыру;
  9. құзыретіне БАҚ беттеріне ақпаратты орналастыру міндеті жататын Департаментке Қоғамның сатылатын активтері туралы ақпарат беру;
  10. ЕТҰ-ға активті сату туралы ақпарат жіберуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қоғамның және ЕТҰ-ның веб-сайттарында сатылатын активтер туралы берілген ақпараттың уақтылы және толық орналасуына мониторинг жасау;
  11. Қоғам стратегиясына сәйкес Қоғам Активтерін сатуға, қайта құрылымдауға/таратуға байланысты мәселелерді Қоғамның уәкілетті органдарының қарауына шығару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру (қажетті құжаттар топтамасын, түсіндірме жазбалар мен шешімдер жобаларын, тұсаукесерлер және т. б. дайындау);
  12. Департаменттің бас менеджері жетекшілік ететін әрбір Актив/ЕТҰ бойынша электрондық досьені жүргізуді жүзеге асыру (заңды, қаржылық мәселелерге қатысты ақпарат және басқа да қосымша ақпарат);
  13. Қоғамның ішкі актілерінің талаптарын ескере отырып, тәуелсіз консультанттарды, бағалаушыларды және т. б. тарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
  14. Қоғамға тиесілі активтер бойынша акциялардың/есепке алу үлестерінің есебін жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
15. активтерді оңтайландыру, қайта ұйымдастыру мақсаттылығын бағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Үміткерлерге қойылатын талаптар;
  • Жоғары кәсіби білім (экономикалық/заң саласы).
  • Халықаралық кәсіби сертификаттары: CFA/ FMVA/ ACCA/ CIMA/ CAP болғаны дұрыс.
  • Қызмет бейініне сәйкес кәсіби салада кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы.
  • М&А мәмілелерін ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесі;
  • Активтерді сату және қайта ұйымдастыру мәмілелерімен байланысты құрылтай құжаттарын, акционерлік келісімдерді және басқа да нормативтік актілерді әзірлеу тәжірибесі;
  • Жобаны басқару, жобалар портфелін басқару тәжірибесі;
  • Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;
  • Қызмет бейініне сәйкес заңнаманы білу;
  • Қайта ұйымдастыру және қайта құрылымдау, сондай-ақ заңды тұлғаларды құру және тарату, бірігу және қосып алу процестері саласындағы білімі;
  • Активтерді, акциялардың/қатысу үлестерінің құнын бағалау әдістері мен қағидаттарын білу;
  • Жобалық басқару әдістері мен құралдарын білу;
  • Ағылшын тілін білу (мүмкіндігінше);
  • Активтер мен бағалы қағаздар нарығына талдау жүргізу дағдылары;
  • ҚР қолданыстағы заңнамасын талдау және жүргізілетін рәсімдердің талаптарға сәйкестігі дағдылары;
  • Активті сату бойынша мәмілеге ішкі/сыртқы сараптама жүргізу дағдылары;
  • Іскерлік хат алмасу дағдылары.

НҚА білу:









Қажетті қабілеттер

  • 6. Навыки деловой переписки.
  • Опыт организации и проведения сделок М&А
  • Опыт проектного управления, управления портфелем проектов;
  • Опыт взаимодействия с заинтересованными сторонами;
  • Знание законодательства в соответствии с профилем деятельности;
  • Знания методов и принципов оценки активов, стоимости акций/долей участия;
  • Знания методов и инструментов проектного управления;
  • Навыки проведения анализа рынка активов и ценных бумаг;
  • Навыки анализа действующего законодательства РК и соответствия проводимых процедур требованиям;
  • Навыки проведения внутренней/внешней экспертизы сделки по продаже актива;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман