«KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы Балқаш аймақтық электр тораптарының инженері

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
1546

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Электржелілік шаруашылық объектілерін жөндеу, профилактикалық пайдалану жұмыстары және ТҚК бойынша орындалған жұмыстардың актілерін жасау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
  • жөндеу және профилактикалық пайдалану жұмыстарын жүргізу үшін материалдардың жиынтық айлық өтінімін жасайды;
  • селекторлық және өндірістік кеңестер өткізуге материалдар дайындау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
  • НҚ есептен шығару бойынша құжаттарды дайындайды, ресімдейді және қол қояды;
  • БАЭТ ҚС жабдықтарын жөндеу және ЖПЖ жөндеу жоспарларын жасау үшін материалдарды дайындайды және Филиалға ұсынады;
  • жөндеу жоспарларын және ЖПЖ қамтамасыз ету үшін материалдық ресурстардың қажеттілігін есептейді және оны ОЖЭТФ-на ұсынады;
  • ОЖЭТФ бекіткен ЖПЖ жабдықтарды жөндеу жоспарлары мен кестелерінің, ағымдағы жылдың басқа жоспарлары мен іс-шараларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
  • бағдарламаларды, нұсқаулықтарды және басқа да техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады;
  • орындалатын жұмыс бойынша келіп түскен құжаттамалар мен хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді, оның сақталуын қамтамасыз етеді, құжаттардың өтуін есепке алады, сондай-ақ іс жүргізумен аяқталған құжаттардың техникалық ресімделуін жүзеге асырады;
  • Филиалға авариялық қорды материалдармен және қосалқы бөлшектермен жинақтауға өтінім беруді жүзеге асырады;
  • қолданыстағы стандарттарға, БАЭТ ИТҚ-нан ОЖЭТФ және "KEGOC"АҚ-да пайдалану үшін қабылданған бағдарламаларда келіп түсетін мәтіндік және графикалық техникалық құжаттамаға сәйкес теру және түзету жөніндегі жұмыстарды орындайды;
  • БАЭТ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар мен өкімдер және қызметтік жазбалар дайындау бойынша жұмысты жүргізеді;
  • құжаттарға сәйкес ЕҚ және ӨҚ бойынша ТМҚ қоймасына қабылдайды;
  • құжаттарды қабылдау кезінде ТМҚ мен қаптаманың санын, сапасын тексереді (кодпен);
  • тауарды сақтау ережелері талап еткендей, материалдық құндылықтарды қоймада сөрелерде, қатарларда, аспалы түрде сақтау;
  • тауарға атауы, түгендеу нөмірі (коды)бар бирканы уақтылы бекіту;
  • тауардың әрбір атауы бойынша есепке алу карточкаларын жүргізу;
  • бекітілген нормалар бойынша арнайы киімді, арнайы аяқ киімді есепке алудың жеке карточкаларын жүргізу;
  • қойма үй-жайлары мен мүкәммалды жарамды күйде ұстау, тәртіпті сақтау;
  • жоғары тұрған ұйымнан комиссия құрамында ТМҚ-ға мерзімді түгендеу жүргізу;
  • ТМҚ сақталатын қоймалар мен үй-жайларға бөгде адамдарды жібермеуге;
  • бөгде адамдардың үй-жайларда қалып қоймағанын, аспаптардың өшірілгенін тексеру (жұмыс күні аяқталғаннан кейін);
  • қойма үй-жайларын күзетке тапсыру және ауысым басында қабылдау;
  • филиалдың персоналымен жұмыс тобына белгіленген мерзімде БАЭТ жұмыскерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жасайды;
  • филиалдың персоналымен жұмыс тобына белгіленген мерзімде БАЭТ жұмыскерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жасайды;
  • филиалдың жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелеріне ұсына отырып, БАЭТ персоналын іссапарға жіберуге өтінім жасайды;
  • іссапарға шығатын және іссапардан келетін БАЭТ қызметкерлерін тіркеуді, сондай-ақ АЭТ-на іссапарға келетін адамдарды тіркеуді жүргізеді;
  • SAP ERP жүйесінде, ТОРО тапсырыстарындағы, ММ модуліндегі материалдарды есептен шығару, іссапарларға өтінімдер енгізу, ЖЖМ модулінде табель қалыптастыру бойынша жұмыстарды орындайды. 

Талаптар:

  • Профиль бойынша жоғары білім;
  • Профиль бойынша кемінде үш жыл жұмыс бар техникалық және кәсіптік тәжірибесі;
  • Техникалық құжаттаманы жүргізу және басқару саласында, қойма шаруашылығын жүргізу саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Қазақ, орыс тілдерін білу.

Шарттары:

  • Дүйсенбі-жұма 9:00-18:00, түскі үзіліс 13:00-14:00, сенбі-жексенбі – демалыс.
  • Жұмыс орнына уақытында келу шартымен Балқаш қаласында немесе жақын маңдағы елді мекенде тұру міндетті.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Басқа