"Көлік сервис орталығы" АҚ даму және тәуекелдерді басқару департаментінің Корпоративтік даму және тәуекелдерді басқару бөлімінің бас менеджері
«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы Көкшетау қ.Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, орындау және олардың қоғамда орындалуына мониторинг жүргізу;
- тәуекелдер тізілімін, тәуекелдер картасын, негізгі тәуекел көрсеткіштерін, қоғамның тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру;
- Қоғамның тәуекелдері бойынша шоғырландырылған жиынтық есептілікті қалыптастыру және мониторингілеу;
- тәуекелдерді басқару және интеграцияланған менеджмент жүйесі мәселелері шеңберінде анықтамалық және талдамалық ақпаратты дайындау;
- тәуекелдерді басқару және менеджменттің интеграцияланған жүйесі мәселелері шеңберінде Қоғамның жергілікті актілерін, құжаттамаларын әзірлеу;
- Қоғамда менеджменттің интеграцияланған жүйесін халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестікке енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
- Қоғамдағы интеграцияланған менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне ішкі аудит жүргізуге қатысу;
- Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен біріктірілген менеджмент жүйесі бойынша есептің нәтижелерін жинау және өңдеу;
- Қоғам менеджменті жүйесінің сертификаттау/қайта сертификаттау, инспекциялық аудиттерінің қорытындылары бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлеу.
Біліктілік талаптары:
- Образование: высшее
- Специальность в сфере: экономика; менеджмент; финансы; государственное и местное управление; учет и аудит; транспорт, транспортная техника и технологии; логистика; и/или железнодорожные специальности.
- Опыт работы: по профилю деятельности не менее 4 лет
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)