"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының бизнес-талдау департаменті Қостанай өңірлік бөлімінің жетекші инженері

от 385970
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Қостанай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
436

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қолданыстағы әдістеменің сақталуына және орындалған іс-шаралар ауқымы бойынша статистикалық есептердің дұрыс жасалуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының және «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының филиалдарының қызмет көрсеткіштері бойынша анықтамалық-талдамалық ақпаратты қалыптастырады және бизнес-талдау бөліміне ұсынады.
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарынан және «ҚТЖ» ҰК АҚ еншілес ұйымдарының филиалдарынан жинақтауды, ДО-6, ДО-18, ВО-2, ҚЭО-4, АГО-2 нысандары бойынша жиынтық статистикалық есептерді дайындау және бизнес-талдау бөліміне ұсынуды жүзеге асырады.
  • Жүк вагондары мен контейнерлерінің заттай саны мен жол санағына қатысады, санақтарды өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізеді, «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының филиалдарына санақ материалдарын таратады, станциялардан қабылдап, санақ нәтижелерін тексереді.
  • ДО-2 және КЭО-4 нысанындағы есептердегі жүк вагондары мен контейнерлерінің нақты бар-жоғын және балансты есепке алудың дұрыстығын бақылайды. 
  • ГO-2 және ГO-10 нысандарында көрсетілген жүктерді тиеу көрсеткіштерінің сәйкес келмеу себептерін талдайды. Себептерді дер кезінде анықтап, оларды жою шараларын қолданады.
  • Белгіленген мерзімдерде түсуін, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы қалыптастырған ЦО-2, ЦО-4, ЦО-11, ГО-10, ГО-10а, ЦО-25, ЦО-27, ЦО-29 нысандары бойынша статистикалық есептерді құрастырудың дұрыстығын бақылайды - «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы. 

Біліктілік талаптары:

  • Білімі:Жоғары; 
  • Мамандығы: Статистика; автоматтандыру және басқару; ақпараттық жүйелер; көлік, көліктік техника мен технологиялар; логистика (салалар бойынша); тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру; экономика; қаржы; бухгалтерлік есеп және аудит; басқару және/немесе теміржол мамандықтары;
  • Жұмыс өтілі: темір жол көлігі саласындағы мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі; 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр