Экономикалық талдау және жоспарлау басқармасының бас маманы

"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы филиалы - "Энергосбыт" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
391

   Конкурс туралы

Міндеттері

 

  1. Филиалды жоспарлау, бюджеттеу және болжау процесін нарық қажеттіліктеріне сәйкес үйлестіру.
  2. Филиалдың алдағы бес жылға арналған қаржы-шаруашылық қызмет жоспарының жобасын, алдағы жылға арналған қаржы-шаруашылық қызметінің бюджетін, сондай-ақ инвестициялық бюджетті қалыптастыру.
  3. Электр энергиясын бөлшек саудада сату жөніндегі қызметтерге арналған тарифтi, тарифтiк сметаны, инвестициялық бағдарламаны есептеу жөнiндегi жобаны әзiрлеу.
  4. Филиалдың Даму жоспарына, Бюджетiне, сондай-ақ инвестициялық бюджетке түзетулер енгізу.
  5. Филиал Бюджетінің қаражатын, оның ішінде инвестициялық бюджет бөлігінде пайдалану бойынша мониторинг және бақылау, сондай-ақ бюджеттің барлық баптары бойынша жоспарлы көрсеткіштер мен тарифтік сметаның нақты орындалуына талдау жүргізу.
  6. Бюджет баптарының нақты шығыстарына ай сайынғы мониторинг жүргізу.
  7. Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге, сондай-ақ Филиалдың әдіснамасына өзгерістер енгізу бойынша жоспарлау/бюджеттеу/болжау процесіне басқа қатысушылардың ұсыныстарын қарауға қатысу.
  8. Филиалдың іс-шараларын әзірлеуге қатысу және Филиалдың қаржы қаражатын тиімді пайдалану және рентабельділікті арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу.
  9. Басқарушылық есепке алу және бақылау жүйесін әзірлеуге және енгізуге қатысу.
  10. «Жауапты бөлімшелер мен орындаушылардың, жетекшілік ететін басшылардың реттеуші органдарға есептілік пен ақпаратты ұсыну тізбесіне» және ҚР заңнамасына сәйкес реттеуші және бақылаушы органдарға есептілікті ұсыну.

 

Талаптар:

Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика білімі, жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

 

Шарттары:

Қалыпты.