Орталықтандыру, сигнализация және бұғаттау СОБ аға электромеханигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Техникалық күтімге алудың жоспар кестелері мен белгіленген, тәртіппен бекітілген басқада жоспарлар бойынша электромеханиктері мен электромонтерлерінің жұмысын ұйымдастырады, СОБ құрылғыларының дұрыс және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және Министрліктің, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚның твсымалдау бөлімшесінің сигнализация және байланыс дистанциясының талаптары мен бұйрықтарының орындалуын бақылайды
СОБ Құрылғыларының жағдайын, электромеханиктер мен электромонтерлерінің жұмыстарды жүгізу және рәсімдеу ережелерінің орындауын
Күн сайын электромеханиктерге поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы нұсқаулама жүргізеді, СОБ құрылғыларын техникалық күтімге алу және жөндеу жұмыстарын дұрыс орындауға қажетті білімдерін тексереді
Темір жол станцияларындағы СОБ құрылғыларының айлық және басқада комиссиялық тексерулеріне қатысады;
Электромеханиктерінің, электромонтерлерінің еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулар мен ережелердің, санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарының орындауын бақылацды, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқауламаны тіркеу журналында рәсімдей отырып оларға нұсқаулама жүргізеді;
Электромеханигімен бірлесіп СОБ құрылғыларының бекітілген техниқалық құжаттамаға сәйкестігін тексереді;
Электромеханиктері мен электромонтерлерін істен шығуларды іздестіру және оларды жою тәсілдеріне практикалық оқытуды, сонымен қатар, сигнал беру және байланыс дистанциясының басшылығы бекіткен жоспарлары бойынша СОБ құрылғыларын күтімге алу технологиясы мен қолданымдағы нұсқаулықтарын оқып игеруді жүзеге асырады;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж