Лауазымдық жауапкершілік:
• Серіктестіктің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
• Серіктестіктің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін жинау, талдау және жүйелеу;
• Серіктестіктің қызметін реттейтін жергілікті құқықтық актілердің, бұйрықтардың, шешімдердің және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеу/ қарау/ келісу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
• Сенімхаттарды ресімдеуді және оларды қайтарып алуды ұйымдастыру;
• Серіктестіктің қызметіне байланысты нотариаттық іс қимылдарды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
• Серіктестіктің мүдделерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
• Серіктестіктің қызметіне байланысты жобаларға/ құжаттарға/мәселелерге құқықтық сараптама жүргізу;
• Серіктестіктің қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық талдаулар дайындау;
• Серіктестіктің басқару органдарының қарауына шығарылатын құжаттарды қарау және қарау үшін құқықтық қолдау көрсету (Қатысушылардың жалпы жиналысы, Бақылаушы кеңесі, Тексеру комиссиясы, Техникалық комитет және Серіктестік қатысушылары айқындаған өзге де органдар);
• Құрылтай құжаттарын орындау және Серіктестік қатысушыларының келісімдері мәселелері бойынша Серіктестіктің қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау;
• Серіктестіктің халықаралық құқықтық талаптарды, сондай-ақ өз қызметін жүзеге асыру кезінде қазақстандық заңнаманың талаптарын сақтауы бойынша құқықтық қолдауды жүзеге асыру;
• Серіктестіктің басшылығына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, халықаралық және шетелдік заңнама бойынша анықтамалық материалдар дайындау;
• Серіктестіктің қызметіндегі бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;
• Серіктестіктің құрылтай құжаттарын тіркеу/қайта тіркеу;
• Қажет болған жағдайда, ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтай отырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу, қойылған міндеттерді және мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖҚ сатып алу мақсатында өзге ұйымдармен шарт құруды бастамалау;
• Қажет болған жағдайда, Серіктестіктің тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін алқалы органдарына қатысу;
• Бағынушыларын жұмыс беруші актілері және Серіктестіктің басқа да құжатарымен уақтылы таныстыру;
• Бөлімше жұмыскерлері арасында міндеттерді дұрыс үлестіру, бағынушылардың лауазымдық нұсқаулықтарын дайындау (бағынушылары болған жағдайда);
• Серіктестік басшылығының тапсырмасымен, немесе өз бастамасы бойынша орындалып жатқан жұмысына қатысты Серіктестіктің ішкі құжаттардын, жұмыс беруші актілерін дайындау;
• Бөлімше штатын білікті жұмыскерлерімен жасақтау;
• Бағынушылары қызметіне және бағынушыларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына басшылық және бақылау жасау;
• Жұмыс уақытын есепке алу табелі, жұмыс кестелері, демалыс кестелері, вахта кестелері және т.б. (қажет болған жағдайда) секілді бөлімше жұмыскерлерін басқару бойынша алғашқы құжаттаманы жасау, әзірлеу, жүргізу;
• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Серіктестіктің басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;
• Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Серіктестіктің басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;
• Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Серіктестіктің өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс).
• Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Серіктестікке тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда);
• PRG-COM-02 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нұсқаулық" талаптары мен ережелерін сақтау;
• PP-COM-01 "Іскерлік этика саласындағы саясат" және REG-COM-05 "Мінез-құлық және іскерлік этика кодексінің»талаптары мен ережелерін сақтау;
• RM-02 « «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекел-тәбетін және негізгі тәуекелдеріне төзімділігін анықтау және мониторинг жасау», RM-01 «Инкай»БК»ЖШС-ң негізгі тәуекел көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жасау» нұсқаулықтарының, REG-RM-01 «Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және «Инкай» БК» ЖШС тәуекелдерін басқару әдістерін айқындау қағидалары» және PP-RM-01 «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекелдерді басқару саясаттарының» ережелерінің талаптарын сақтау (егер жұмыскер тәуекел иесі болса);
• Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үдерістерін, шешімдерді қабылдау үдерісі және Серіктестіктің басқарушылық есептілігін Серіктестікке тиісті бизнес-үдерістеріне біріктіру бойынша жұмымтардың орындалуын қамстамасыз ету;
• Тәуекелдер деңгейін немесе олардың жүзеге асу салдарларын төмендету мақсатында бизнес-үдерістерді оңтайландыру;Білім:
Жоғары заң саласындағыДағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері;
• Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар;
• Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
• Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері;
• Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;
• Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;
• Басқарма бастығының негізгі функцияларының бағыттары бойынша Серіктестіктің ішкі актілері.
• Жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы, азаматтық, жер, еңбек, корпоративтік және әкімшілік заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманы қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, Серіктестіктің өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы;
• Шарттарды жасасу және ресімдеу тәртібі;
• Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;
• "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде "Самұрық-Қазына" АҚ-на меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы.Қосымша:
• жер қойнауын пайдалану саласындағы жұмыс тәжірибесі мүмкіндігінше;Білетін тілдер:
қазақ және орыс тілі - еркін
ағылшын тілі - Intermediate