Кадрлық әкімшілендіру менеджері (Атырау қ.)

Samruk Business Academy Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
81

Қаралған саны:
2093

   Конкурс туралы
Талап:
Білім:
  • Экономика/ менеджмент/ заңгерлік / HR саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Жұмыс тәжірибесі:
  • Бейінді салаларда кемінде 3 жыл: кадрлық іс жүргізу, персоналды басқару;
  • Білік пен дағды:
  • Еңбек қатынастарын регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін білу;
  • Іс жүргізу, мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік стандарттарды, құжат айналымы, құжаттарды мұрағаттау және сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу;
  • Кадрлық іс жүргізу процесін, оның ішінде әлеуметтік жеңілдіктерді білу;
  • Мемлекеттік тілді білу (оқу, жазу, еркін сөйлеу).
Функционалдық міндет:
  • Жұмысқа қабылдау, ауыстыру, еңбек шартын бұзу туралы, демалыстардың барлық түрлерін беру туралы, сыйлықақы беру туралы, уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау (алмастыру) туралы, демалыс немесе мереке күндері жұмысқа тарту туралы, Тапсырыс берушінің қызметкерлерін мерзімінде іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды қалыптастыру үшін жүйеге ақпарат енгізу.
  • Тапсырыс берушінің қызметкерлері үшін хабарламаларды, ақпараттық хаттарды және кадрлық іс жүргізу бойынша басқа да құжаттарды уақытында рәсімдеу.
  • Тиісті мерзімде Тапсырыс беруші қызметкерлерінен ақпараттық өтініштерді қабылдау және өңдеу, жұмыс орнынан анықтамаларды және Тапсырыс беруші қызметкерлерінің сұрауларына басқа жауаптарды қалыптастыру және дайындау.
  • Тапсырыс беруші қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру және оларды еңбек қызметі процесінде жасалған құжаттармен уақытында толықтыру.
  • Құжаттарды мұрағатқа тапсыру.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдік мамандарды және олардың отбасы мүшелерін көші-қон полициясы басқармасында тіркеуді қамтамасыз ету.

Қажетті қабілеттер

  • Деловая переписка
  • Кадровое делопроизводство
  • 1С: Управление персоналом
  • знание законодательства