"Қазпошта" АҚ Қызылорда облыстық филиалы Бизнес жөніндегі директордың орынбасары
«Қазпошта» АҚ Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 1) жетекшілік ететін бөлімшелер қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде өздеріне белгілі болған ақпараттың құпиялылығын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қоғамның заңнамасы мен ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес филиалдың бағынысты қызметкерлері мен жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асыруға;
3) қаржылық, почталық, агенттік және басқа да қызметтер көрсетуден түсетін кірістер бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын, қандай да бір қызметтің әлсіз жылжуына ықпал ететін себептерді анықтауды және оларды кейіннен жоюды қамтамасыз етуге; тікелей бағыныстағы бөлімшелердің өткізілген іс-шараларына кейіннен мониторинг жүргізе отырып, жұмысты ұйымдастыруға міндетті. Әлеуетті клиенттерді тарту және қолданыстағыларын ұстап тұру, тұтастай алғанда өңірде көрсетілетін қызметтерді сатуды арттыру және белсенді сату саясатын жүргізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру, клиенттермен қарым-қатынасты дамыту;
4) нарық конъюнктурасын зерделеу және филиалдың даму перспективаларын айқындау, оң имиджін қалыптастыру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруға және бақылауды жүзеге асыруға;
5) почталық, қаржылық, агенттік, карточкалық және басқа да қызметтерді сату (кірістер, көлемдер) бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті. Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер ұсынатын сату жөніндегі жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты, есептілікті талдау, сату жөніндегі көрсеткіштердің орындалмау себептерін анықтау, сату жөніндегі көрсеткіштердің орындалмау себептерін жою бойынша түзету және ескерту шараларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
6) ауылдық жердегі пошта байланысы секторына бекітілген әмбебап байланыс қызметтерінің құнын субсидиялау шеңберінде субсидияланатын қызметтер бойынша уәкілетті органға мәлімделген көлемдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге;
7) әріптестік қатынастарды дамыту және нығайту. Клиенттік базаны кеңейту бойынша жұмысты ұйымдастырады. Клиенттермен келіссөздерге және кездесулерге қатысу;
8) қол қойылатын сомалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету бөлігінде және қаржылық, агенттік қызметтер көрсету кезінде белгіленген тарифтердің дұрыс қолданылуын бақылау бөлігінде төлемдердің барлық түрлерін қабылдау жөніндегі операцияларды бақылауды жүзеге асыру бөлігінде әріптестік қызмет бөлімшесінің қызметін бақылауды жүзеге асыруға
9) қызметкерлердің қызметтерді сату бойынша клиенттерге қызмет көрсету стандарттарын орындауын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге;
10) өзі жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі шарттарды уақтылы жасасуын және шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге;
11) жетекшілік ететін/есеп беретін құрылымдық бөлімшелердің мерзімі аяқталатын шарттарды анықтау тұрғысынан жасалған шарттарға тұрақты талдау жүргізуін бақылауды жүзеге асыруға, олар бойынша ұзарту туралы қосымша келісімдерге қол қоюға не оларды қайта жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
12) мерзімді басылымдарға жазылу науқанын бақылауды жүзеге асыруға және уақтылы және сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оларды тарату және жазылу науқанының тиісінше орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
13) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер иелері болып табылатын жасалған шарттар бойынша контрагенттердің карточкаларын уақтылы ашуды қамтамасыз етуге;
14) айналымсыз активтердің, еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;
15) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша филиалдың бюджетін қалыптастыруға қатысуға, оның орындалуын және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;
16) қызметтер бойынша тарифтерді жыл сайынғы жоспарлы қайта қарауға қатысуға;
17) уәкілетті орган бекіткен өнім/көрсетілетін қызмет бойынша тарифтік кесте шеңберінде Қоғамның қаржылық мүдделерін және өнімнің/көрсетілетін қызметтің кірістілігін қамтамасыз етуді ескере отырып, әрбір жасалатын шарт бойынша тарифтердің мөлшерін белгілеуге;
18) карточка бизнесін дамыту үшін техникалық құралдардың: банкоматтардың, POS-терминалдардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің және т.б. тиісті түрде ұсталуын бақылауды жүзеге асыруға;
19) көрсетілетін қызметтерді сату бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі бойынша құрылымдық бөлімшелердегі тексерулерге қатысуға;
20) Қоғамның заңнамасы мен ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау және мониторингілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға міндетті. Жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша талдау жүргізеді және түзету және алдын алу іс-қимылдарын қабылдайды;
21) қызметтер көрсетуге тартылған филиал қызметкерлерін оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге;
22) кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) кешенінің моделін іске асыру шеңберінде сату арналары желісінің жаңа форматтарын енгізу және басқару;
23) сату арналары желісінің бекітілген стандарттарына мониторингті жүзеге асыруға міндетті. Сату арналары желісінің жұмыс істеу тиімділігімен жұмыс жүргізу: бөлімшелердің орналасуын айқындаудың дұрыстығы, бөлімше форматын айқындаудың дұрыстығы, бөлімшенің техникалық стандарттарға сәйкестігі, сату арнасы инфрақұрылымының сапасы. Сату арналары желісін дамыту: сату нүктелерін ашуға, жабуға, релокациялауға, жаңғыртуға бастамашылық ету.
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне белгілі мемлекеттік, ведомстволық және банктік құпияларды, сондай-ақ құпиялылыққа жататын өзге де мәліметтерді жария етпеуге;
25) «ОҚО» филиалының МБҚБ-ға тиісті құжаттардың толық пакетін, оның ішінде сатып алынатын қызметтер бойынша бағалау есебі жөніндегі анықтамаларды уақтылы ұсынуды бақылауды жүзеге асыруға;
26) «Қазпочта» АҚ-ның Даму стратегиясын іске асыру шеңберінде әзірленген филиалды дамыту бағдарламасын іске асыруға міндетті. «Қазпочта» АҚ-ның Даму стратегиясын іске асыруға бағытталған іс-шаралар мен жобаларға бақылауды жүзеге асыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
27) филиал жүзеге асыратын бизнес-процестерді бақылауды жүзеге асыруға және бағдарламалық сүйемелдеуді жүргізуді, компьютерлік ұйымдастыру техникасы мен байланыс арналарын жұмыс жағдайында ұстауды қамтамасыз етуге;
28) клиенттер меншігінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) жылжымайтын шоттары бойынша бақылауды жүзеге асырады және жұмысты ұйымдастырады, жылжымайтын шоттардан сомаларды есептен шығарудың және оларды жабудың уақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді;
29) филиал қызметкерлерінің еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауын қамтамасыз етуге міндетті. Филиалдың жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің Қоғам/ОА БК басшылығының тапсырмаларын, тапсырмаларын уақтылы орындауын, есептілікті уақтылы ұсынуын, сыртқы аудиторлардың, ішкі аудит қызметінің, тексеру топтарының ұсынымдарын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
30) филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген кешенді тексерулер бойынша Түзету және/немесе ескерту іс-қимылдары жоспарының белгілі бір қызметкерлерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге;
31) филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін регламенттейтін Қоғамның заңнамасы мен ішкі нормативтік құжаттарының (бұдан әрі - ЖҰК) талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға, оның ішінде:
а) ай сайын жеткізілетін тауарлардың мәлімделген техникалық ерекшелікке сәйкестігіне іріктеп салыстырып тексеруді жүргізуге;
б) ЭСД және БҚАЖ жүйесіне есептіліктің толық және уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асыруға;
в) сатып алу жоспарының орындалуын және сатып алу жоспарының орындалуы бойынша есептіліктің уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асыруға;
32) атқарушы органның, Қоғам басшылығының шешімдері мен тапсырмаларын, Қоғамның хаттамалық тапсырмаларын уақтылы орындауға;
33) өз құзыреті шегінде Қоғамның жұмыс топтары мен комиссияларына қатысуға
Талаптар:
- Байланыс және/немесе қаржы, және/немесе экономика, және/немесе техникалық, және/немесе заңгерлік. "Іскерлік әкімгерлеу магистрі" дәрежесіның немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімі болғаны дұрыс.
- Мамандығы бойынша және/немесе "Қазпошта" АҚ қызметінің саласына сәйкес саладағы және/немесе болжамды жетекшілік етуге сай 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, соның ішінде басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес немесе "Қазпошта" АҚ төмен тұратын лауазымдарда 3 жылдан кем емес.
Шарттар:
- Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
- Қызылорда қаласы, Г. Муратбаева көшесі, 38 үй