"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Ақтөбе станциясының (АБЖ) операторы

от 220 662
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
30

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1) натуралдық парақтарды рәсімдеу, құжаттарды іріктеу, тсалмақты есептеу, пойыз ұзындығын анықтау, өз құрастыруындағы пойыздар, вагондар және жүктер туралы деректерді кодау, жөнелтілетін құрамдар бойынша құжаттардың бар болуы мен дайын болуын тексеру, вагондардың құрамда құрастыру жоспарына сәйкес дұрыс орналастырылуын бақылау;
2) тез бұзылатын жүктері бар вагондардың болуын тексеру және оларды мүмкіндігінше жедел жөнелту бойынша шаралар қабылдау; 
3) құрамды құрастыру, тіркеу, ағыту және жөнелту туралы, сондай-ақ станцияға келген құрамның келуі және таратылуы туралы АСУОП жүйесі бойынша ақпарат беріп отыру; 
4) құрамдарды таратуға келген натуралық парақтарды, алушыларды көрсете отырып, орналастырады, вагондарды бағыттар бойынша тағайындау туралы жазбаны натуралық парақта және оны Дөңес бойынша кезекшіге тапсыруды жүзеге асыру және с.с.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіби), орта
  • Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі) 
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары болса: пойыз ақпаратын және тасымалдау құжаттарын өңдеу станциялық технологиялық орталығының операторы лауазымында 1 жылдан кем емес; орта болса (техникалық және кәсіби): пойыз ақпаратын және тасымалдау құжаттарын өңдеу станциялық технологиялық орталығының операторы лауазымында 2 жылдан кем емес; орта болса: пойыз ақпаратын және тасымалдау құжаттарын өңдеу станциялық технологиялық орталығының операторы лауазымында 5 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж