Смета инженері (уақытша лауазым)
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Атырау қ.Білім (жоғары, мамандық/квалификация) және жұмыс тәжірибесі: Жоғары техникалық білім және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл немесе орта техникалық білім және жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл
Тілдерді білу: Қазақ, орыс (сөйлеу, жазу), ағылшын тілі құпталады
Компьютерде жұмыс істеу дағдылары және бағдарламалық өнімдерді білу: MS Office (Word, Excel, Outlook, Power Point, Project), Skype for business, СЭД Документолог, AutoCAD бағдарламалық кешені, AВС-4 бағдарламалық кешені.
Сапалы және уақтылы жобаны өз құзыреттері шеңберінде белгіленген талаптарға, күнтізбелік жоспарға және өнімді әзірлеуге арналған бекітілген бюджетке сәйкес орындау;
Құрылыс, реконструкция және жөндеу объектілеріне, сондай-ақ жеке жұмыс түрлеріне сметаларды әзірлеу.
Жобалық құжаттама негізінде сметалық есептеулерді дайындау, материалдар, жабдықтар, еңбек шығындары және басқа да шығындар бойынша бағаларды қоса алғанда.
Дайындалған сметалардың қолданыстағы нормативтерге, стандарттарға және регламенттерге сәйкестігін тексеру.
Тапсырыс берушінің барлық талаптарын, құрылыс нормаларын және жұмыстарды орындау шарттарын ескеру.
Дұрыс сметаларды құрастыру және барлық қажетті шығындарды анықтау үшін жобалармен және сызбалармен танысу.
Жобалық құжаттамадағы сәйкессіздіктерді немесе қателіктерді анықтау, олар құнына әсер етуі мүмкін.
Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті материалдар, жабдықтар, мердігерлер жұмысының және басқа да шығындардың құнын бағалау.
Құрылыс жұмыстарын орындау барысында құнның өзгерістерін болжау (бағалардағы өзгерістер, мерзімдер мен шарттар бойынша түзетулер).
Жұмыстардың орындалуы, материалдардың пайдаланылуы және сметалық есептеулердің орындалуы туралы есептерді құрастыру.
Тапсырыс берушіге есептілікті ұсыну.
Жобада немесе жұмыстарды орындау шарттарында өзгерістер болған жағдайда сметалық есептеулерді қайта қарау (мерзімдердің өзгеруі, материалдардың ауыстырылуы, қосымша жұмыстар және т.б.).
Объектілік және локалдық сметаларды, жинақтық және сметалық есептеулерді құрастыру.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру