«Ембімұнайгаз» АҚ «Жайықмұнайгаз» МГӨБ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің 1 санаттағы өрт қауіпсіздігі инженері

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
53

Қаралған саны:
790

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:

  1. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі құзырет шеңберінде Өндірістік бағдарламаны қалыптастыру: қажет болған жағдайда ұсыныстарды қарастыру, енгізу және өндірістік бағдарламаның жобасына келісу;
  2. Қызмет көрсетілетін өндірістік объектілердің (ғимараттардың, құрылыстардың, үй-жайлар мен аумақтардың) олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне барлау және тексеру жүргізу;
  3. Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша басқарма басшылығының бұйрықтары мен өкімдерінің жобаларын, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
  4. Өрт қауіпсіздігі саласында Объектілік/ кешенді оқу жаттығуларын өткізуді ұйымдастыру және бақылау;
  5. КӨҚҚ-тің өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы үшін арнайы өрт техникасының, өрт-техникалық қару-жарақтың және киім-кешек мүлкінің қажетті санын айқындау, жалпы өтінімді жасау және оны белгіленген мерзімде беру;
  6. Цехтар мен учаскелерде өрт қауіпсіздігі стандарттарының, қағидалары мен нормаларының сақталуын, жоғары тұрған ұйымдардың, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалаудың уәкілетті органдарының бұйрықтары мен нұсқауларының/нұсқамаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
  7. Авариялардың, өрттердің алдын-алу жөніндегі ұйымдастырушылық техникалық іс-шаралардың уақтылы орындалуын әзірлеуге және бақылауға қатысу;
  8. Еңбек қызметіне байланысты инциденттерді/аварияларды/өрттерді тергеуге, олардың алдын-алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және осы іс-шаралардың орындалуын бақылауға қатысу;
  9. Мердігерлік ұйымдарда өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі стандарттарының, ережелері мен нормаларының сақталуын ұйымдастыру және бақылау. Берілген нұсқамалардың/ ұсынымдардың орындалуын мониторингтеу;
  10. Объектілерді өрттен қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын КӨҚҚ-тің өрт сөндіру бөлімдерін ұйымдастыру және бақылау, арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
  11. Мердігерлік ұйымдарды өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша орындалатын жұмыстардың сапасын тексеру және орындалған жұмыстардың актісін жасау.



Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық арнайы білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: II санаттағы өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженер лауазымында кемінде 2 жыл
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : мүмкіндігінше


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. ҚР қолданыстағы заңнамасының негіздері (Еңбек Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс, Акционерлік қоғамдар туралы ҚР заңдары);
  2. Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы басшылық және әдістемелік құжаттар, сондай-ақ қоғам органдарының осы салалардағы өкімдері және өз құзыреті шегінде өзге де нормативтік-құқықтық актілер;
  3. МГӨБ өндірістік объектілерінде қолданылатын мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын пайдалану ерекшеліктері, жабдықтың техникалық жай-күйінің сәйкестігін бақылау ережелері мен құралдары;
  4. Өрт қауіпсіздігі бойынша насихаттау мен ақпараттың әдістері мен нысандары;
  5. Өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері;
  6. ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 халықаралық стандарттарының негізгі талаптарына сәйкес интеграцияланған басқару жүйесі саласындағы білім.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Пайдаланушы деңгейінде компьютерде жұмыс істеу дағдыларының деңгейі;
  2. Командада жұмыс істеу;
  3. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас.

 

Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Жайықмұнайгаз» МГӨБ
Жұмыс кестесі – 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру