"ҚТЖ" ҰК"АҚ "Алматы магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Алматы-2 вокзалының анықтама беру жөніндегі кезекшісі
- Құрылған күні:
-
07.11.2025
- Берілген өтінім:
- 3
- Қаралған саны:
- 214
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Лауазымдық міндеттер:
Вокзалдағы барлық қызметтер мен құрылғылардың белгіленген режимге және технологиялық процесске сәйкес жұмыс ауысымы барысында нақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, бұзылған жағдайда вокзал басшылығына уақытылы хабарлау және тиісті актілерлі жасауВокзалдағы жедел жағдайлармен, түскен басшылық құжаттарымен (жедел хаттармен, бұйрықтармен, нұсқаулықтармен және т.б.) кезекшілікке түскен кезеңде танысу
күту залында, платформаларда жолаушыларға ыңғайлылық үшін, балалары бар жолаушыларды, егде жастағы тұлғаларды, жолаушылар мен ұйымдасқан топтарға назар аударып, барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау
Вокзал аумағы бойынша орын ауыстыру кезінде, сондай-ақ жолаушылар пойыздарына отырғызу/түсіру кезінде мүгедектердің жеке жүруін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Вокзал аумағы бойынша жүріп тұру кезінде, сондай-ақ жолаушылар пойызына отырғызу/түсіру кезінде мүгедектерді жеке алып жүруді қамтамасыз ету
Ілесіп жүретін мүгедектің талабы бойынша мүгедек кресло арбасын (тегін) беру үшін, орнына сүйемелдеушінің жеке басын куәландыратын құжатты алу
Мүгедекті көрсетілген уақытта және белгіленген жерде, қажет болған жағдайда мүгедектер арбасымен қарсы алу
Поезды, вокзалда мүмкіндігі шектеулі жандарды күту кезеңінде вокзал қызметкері оларды күту залдарындағы бөлінген орындарға ертіп жүреді.
Мүгедектер үшін вокзалда күту бөлмесі болған жағдайда, оларды күту бөлмесіне орналастырады, оларға жалпы ережелерді түсіндіреды.
вокзалда билет кассаларының алдында, күту залдарында, платформаларда, кіру топтарында, оның ішінде поездға жолаушыларды отырғызу/түсіру кезінде жолаушылар ағынын біркелкі бөлу жөніндегі уақытылы шаралар қабылдау
билет кассирлерінің жолаушылардың құқықтарын бұзғаны, дөрекі және өрескел әрекеттері бойынша өтініштеріне, жол жүру құжаттарын тиісінше рәсімдемеу, жұмыс режимін сақтамау, нысанды киім кию қағидаларын бұзу және т.б. анықталған әрбір деректер бойынша белгіленген актілер жасау (вокзал бастығының кезекші көмекшісімен, аға билет кассирімен бірлесіп)
вокзал маңы аумағындағы қоғамдық дәретханаларда, перрондарда (оның ішінде бекітілген жолдарда) вокзал кешенінің тазалығын сақтау жөнінде шаралар қабылдау, санитарлы - гигиеналық талаптарға сәйкес қызмет көрсетуші персоналдардың вокзал кешенін уақытылы және сапалы жинауын бақылауды жүзеге асыру
вокзал кешенінде жолаушыларға арнайы орналастырылған жабдықтардың, механизмдердің, автомат қондырғылар мен құрылғылардың сақталуына және үздіксіз жұмыс жасауына, жиһаздардың эститикалық, жәй-күйіне жауапкершілікте болу
Жол жүру құжаттарын бөгде адамдардың қайта сатуы, белгіленбеген орындарда азық-түлік өнімдерінің саудасы, вокзалдарда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ тұлғалардың сауда жасауы және т.б. жағдайларына жол бермеу мақсатында, Көліктегі ішкі істер, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау қызметкерлерімен бірлесіп рейдтерге қатысу
Жолаушылар тарапынан келіп түскен шағымдар мен наразылықтарды шешу жөнінде уақытылы шаралар қабылдау, вокзал басшылығына хабарлау және оларды өз бетінше шешу мүмкін болмаған жағдайларда вокзал басшылығана, технологиялық процесс пен сервисті ұйымдастыру жөніндегі бөлімнің қызметкеріне дереу хабарлау және ақпаратты нысаналы чатқа жіберу
Арнайы рұқсаты немесе вокзал басшылықтарынан жазбаша рұқсаты бар қызметтік автокөліктердің, оның ішінде аумақта жылдамдық режимін сақтай отырып, жедел медициналық жәрдем автомашиналарынан басқа, автокөліктің перронға өтуіне жол бермеу бойынша бақылауды жүзеге асыру және поездардан келген жолаушыларды өткізу үшін, қақпаларды уақытылы ашу және жабу, арнаулы өткізу пунктері бойынша перронға жол жүруге арналған қызметтік автокөлігін, оның ішінде жедел медициналық жәрдем автомашиналарын жеке алып жүруді қамтамасыз ету
Филиал, вокзал қызметкерлері телефон байланысы арқылы, «WhatsApp» мобильдік қосымшасы/мессенджерінің нысаналы чаттарында, электрондық пошталары арқылы және т.б.қарастырылатын жедел ақпаратқа мониторинг жүргізу, оларды «WhatsApp» мобильдік қосымшасы/мессенджерінің нысаналы чаттарында, электрондық пошталары арқылы және т.б. орындау, вокзал, Филиал басшылығына мобильдік қосымшасы/мессенджердің нысаналы чаттарында, электрондық пошталары арқылы және т.б. жауаптарды және жедел ақпараттарды уақытылы ұсыну
Мемлекеттік еңбек инспекторының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың, ішкі бақылау мамандарының талаптарын және медициналық мекемелер белгіленген емдеу және сауықтыру іс-шараларын орындау
Жұмыс беруші айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқудан, нұсқау беруден білім тексеруден өтуге
Біліктілік талаптары:
Квалификационные требования:
- Образование: высшее (или послевузовское), знание английского языка на уровне не ниже языка на уровне не ниже Elementary,
- Специальность в сфере: Организация перевозок и управление движением на железнодорожном транспорте; Грузовая и коммерческая работа на железнодорожном транспорте; Транспорт, транспортная техника и технологии; Строительство (Строительство железных дорог, путь и путевое хозяйство); Транспортное строительство; Стандартизация, метрология и сертификация; Безопасность жизнедеятельности и охрана окружающей среды; Строительство; Электроэнергетика, Экономика, Инженерные системы, Маркетинг, Транспорт, транспортная техника и технологии, механизация и автоматизация, психология, филология, туристическое/гостиничное дело.
- Образование: среднее (техническое и профессиональное), знание английского языка на уровне не ниже языка на уровне не ниже Elementary
- Организация перевозок и управление движением на железнодорожном транспорте; Эксплуатация, ремонт и техническое обслуживание подвижного состава железных дорог; Строительство железных дорог, путь и путевое хозяйство
- Опыт работы: без предъявления требований к стажу
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж